+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

26.10.2018«Әртүрлі жас топтарындағы білім беру процесін ұйымдастыру» онлайн тәртібіндегі семинар өткізу туралы АҚПАРАТ

«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының 2018 жылға арналған жоспарының 38-тармағына сәйкес 2018 жылғы 25 қазанда сағат 10.00-де «Әртүрлі жас топтарындағы  білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбында онлайн тәртібінде республикалық семинар өткізілді, оған «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласына жауапты мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен педагогтері қатысты. Барлығы 500 нысан қосылды.

Келесі мәселелер қаралды:

  1. Әртүрлі жас топтарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
  2. Әртүрлі жас топтарында (4-5 жас) білім беру процесін жоспарлау;
  3. Әртүрлі жас топтарында білім беру процесін жүргізу.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің басшысы Ерманова Мария Наятовна өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға дейін 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқумен 100% қамту туралы жолдауын орындау мақсатында, МДҰ әртүрлі жас топтарын ұйымдастыру қажеттігі мен орындылығына тоқталды. Вебинар қатысушыларының назарын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде әртүрлі жас топтарында оқу процесін ұйымдастыру, жоспарлау мен өткізуде балалардың психологиялық, физиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескеру, жұмысқа шығармашылықпен, креативті тәсілді қолдану керектігіне аударды.

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы ауыл, «Бөбек» бөбекжай–балабақшасы» МҚКК меңгерушісі Успанова Гульнар Рахимназаровна «Әртүрлі жас топтарында білім беру процесін ұйымдастыру» баяндамасында Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдағы мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудегі жұмысын атап өтті. Барлығы 4 топ: соның ішінде 1- бөбек жас тобы, 3- әртүрлі жас топтары мен 2 ден 4 жасқа дейін, 4 жастан 6 жасқа дейін әрекет ететіндігіне тоқталды. Топтағы балалардың әр түрлі жас құрамы педагогтарға барлық жас топтарындағы бағдарламалық мазмұнын білуді, жас кезеңдеріне сәйкес ҰОҚ үшін балаларды топтастыруды міндеттейтініне назар аударды

Атырау облысы, Құлсары қаласы, «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасы» МҚКК әдіскері Есенгенжина Ғалия Рахметоллақызы, өз сөзінде Құлсары қаласы, «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасында» оқу процесін жоспарлаудың ерекшеліктеріне тоқталды, ондағы инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана, әртүрлі жас топтары үшін білім-тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу жылының басындағы әрбір жас тобы үшін Үлгілік бағдарламаның мазмұнының білімдік деңгейін анықтауға арналған «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасы» тәжірибесіне сүйене отырып, мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу процесін жоспарлау ерекшеліктеріне тоқталды.

Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «»Ромашка» балабақшасы» МҚКК, әдіскері Конкобаева Салтанат Маликовна, әртүрлі жас топтарындағы оқу процесін өткізу ерекшеліктерін айта келе, тәрбиеші бір уақытта әр түрлі жас тобындағы 2 ден 5 жасқа дейін (I, II кіші және ортаңғы топ) және 5 жастан 6 (7 жас) ересек және дайындық топтары, әртүрлі жас топтары бойынша жоспарлауды толық ашады, сонымен қатар кіші жас тобындағы балалар жұмысқа кеш кіріседі және (немесе) ертерек аяқтайды; ал ересек мектеп жасына дейінгілер кіші жастағыларға қарағанда жұмысқа басқаша ынталанады; бір уақытта бір топтың өз бетінше қызметі және басқасы- педагогпен бірге ұйымдастырылуы тиіс екендігіне назар аударды.

Вебинар қатысушылары өздерін толғандыратын сұрақтарды көтерді. Мсыалы: балалардың психологиялық, физиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере білім беру процесін ұйымдастыруда әртүрлі жас топтарында (циклограммалар, перспективалық жоспарлар) оқу процесін жоспарлауға әдістемелік көмек көрсету

Онлайн тәртібіндегі семинар жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Яндекс.Метрика