+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

04.06.2018«2018-2019 жылдары білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік нұсқау хат жобасын талқылау» бойынша on-Iine тәртібінде семинар өткізілгені туралы ақпарат

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының жоспарына сәйкес 2018 жылдың 30 мамырында  «2018-2019 жылдары білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік нұсқау хат жобасын талқылау» бойынша on-Iine тәртібінде семинар өткізілді.

Семинарға ҚР БҒМ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту басқармасының өкілдері, «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының,   облыстық және Астана, Алматы қалалық білім басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелеріне жауапты  мамандар мен мектепке дейінгі ұйым  педагогтары қатысты.

Он-лайн тәртібіндегі семинар жұмысына 482 нысан қосылды.

Семинарда «2018-2019 жылдары білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау хат» жобасы талқыланды, онда Үлгілік оқу жоспарына өзгерістер енгізу, мемлекеттік аттестация, жазғы сауықтыру кезеңі, мониторинг жүргізу мәселелеріне қатысты пікір алмасты.

Семинар барысында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту басқармасының басшысы  Шарапат Сейсембековна Султангазиевна «2018-2019 жылдары білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау хат» жобасын талқылау тақырыбында сөз қозғады. Өз сөзінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің  алғашқы деңгейі және оны  дамыту мен жетілдіру еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында мектепке дейінгі білім беру жүйесі 2018 — 2019 оқу жылында мынадай міндеттерді шешуді көздеп отырғанын атады:

— балалардың физикалық және психологиялық-әлеуметтік денсаулығын нығайту;

— балаларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу;

— балалардың бойында патриотизмді, толеранттылықты, адамгершілік және рухани негіздерді қалыптастыру («Рухани жаңғыру» Бағдарламасы, кіші бағдарлама «Туған жер»);

— балаларды ерте дамытуда әлеуметтік дағдылар мен  өзін-өзі оқыту дағдыларын дамыту;

— балалардың жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту;

— балаларды мектепте оқуға мақсатты даярлау.

Пікір алмасу барысында 50-ден астам сұрақтар қойылды. Мысалы,  2018-2019 оқу жылында балабақшаларда ересек және мектепалды даярлық тобы бола ма?

Жауап: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 2019 жылға дейін мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы орта білім беретін мектептерде ересек және мектепалды даярлық топтары болады.

Сұрақ: Мектепке дейінгі сала педагогтарының аттестациясы қалай жүргізіледі?

Жауап: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы педагогтар жаңа форматты аттестациядан өтпейді, аттестация бұрынғы тәртіппен жүргізілетін болады.

Семинар қорытындысында Әдістемелік нұсқау хат жобасын өңірлерде талқылап, ұсыныстарды ағымдағы жылдың 18 маусымына дейін «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының электронды поштасына rcdd_info@mail.ru  жіберу ұсынылды.

Яндекс.Метрика