+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

11.10.2021«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» республикалық конкурстың қорытындысы

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек айында меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» байқауы ұйымдастырылды және өткізілді.

Байқаудың мақсаты: кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты әдіскерлерді анықтау, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес кәсіби имиджді қалыптастыру.

Байқау үш кезеңде өтті:

  • 1-ші – аудандық (қалалық);
  • 2-ші – облыстық;
  • 3-ші – республикалық.

Байқау комиссияларының құрамына ұйымдардың басшылары, жоғары білікті педагогтер, білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың әдіскерлері кірді.

Байқау қатысушыларына қойылған талаптар:

- әдіскер ретіндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;

- «Әдіскердің электрондық портфолиосы» (10 слайдтан артық емес), онда мынадай мәселелер көрініс табуы тиіс: қатысушы туралы жалпы мәліметтер, қосымша кәсіптік білім беру, білім беру процесінің сапасын басқару (Жас педагог мектебі), ғылыми-әдістемелік, инновациялық, эксперименттік қызмет, ақпараттық-талдамалық қызмет, әдіскер жұмысының нәтижелері (жетістіктері, жарияланымдары), біліктілік деңгейін арттыру, автордың өзін-өзі бағалауы;

- «Әдістемелік шеберлік» - кәсіби педагогикалық тәжірибенің сол немесе басқа жағының инновациялық мәнін көрсететін тұжырымдамалық педагогикалық идеяны қамтитын бейнематериал: мастер-класс (оқытудың өзіндік әдісі және практикалық шеберлікті жетілдіру бойынша нақты сабақ) және авторлық құралдарды ұсыну (ұсынымдар, жадынамалар, әзірлемелер, құралдар және т. б.);

- ұсынылған жұмыс іске асырылған жобаның негізгі идеясын және соңғы 3 жылда алынған нәтижені көрсетуі тиіс.

Республикалық кезеңге конкурс Ережесінің талаптарына сәйкес іріктеуден өткен 14 өңірден облыстық тур жеңімпаздарының материалдары келіп түсті.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:

Бас жүлде - Баймбетова Айгерим Жумабековна, Алматы қаласы, Алатау ауданы №37 бөбекжай-балабақшасының әдіскері. https://youtu.be/UDo-QiIbPL4

I орын

- Умирәлиева Салтанат Жұмабековна, «Н. Назарбаев білім қоры» Қоғамдық Қоры, Атырау қалалық филиалының «Мирас» бөбекжайы; https://youtu.be/0L9JAgkgilk

- Рамазанова Дарига Шамилевна, Тараз қаласы №39 «Балдәурен» бөбекжайының әдіскері. https://sites.google.com/view/darga12

II орын

- Атаманова Эльмира Ыкыласовна, Талдықорған қаласы, №7 бөбекжай-балабақшасының әдіскері; https://youtu.be/Jg7pcoCFhTo  

- Саматов Абзал Серикович, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы «Алтын ұя» бөбекжай-бақшасының әдіскері. https://youtu.be/ca4qlBae9KY

III орын

- Каримова Айжан Куанышбековна, Нұр-Сұлтан қаласы, №66 «Толағай» балабақшасының әдіскері; https://youtu.be/KJuWAl-XXgM

- Бритвина Елена Владимировна, Қостанай облысы, Лисаковск қ. «Улыбка» бөбекжай-бақшасының әдіскері; https://youtu.be/bmB2o-UfJz8

- Сыздыкова Калимаш Сагындыковна, Павлодар облысы, Ақсу қаласының №18 бөбекжай-балабақшасының әдіскері. https://youtu.be/I1g54TBjJdo

Байқаудың келесі қатысушылары мына номинациялардың иегерлері атанды:

«Үздік әдіскер»

- Джанадилова Инабат Аскаровна, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласының № 7 «Еркетай» бөбекжайы;

- Абдинова Үміт Даутқызы, Павлодар облысының, Екібастұз қаласының 23 мектепке дейінгі гимназия;

«Іскер әдіскер»

- Серикпаева Асемгуль Дастановна, Ақмола облысы, Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы;

«Өнерлі әдіскер»

- Кенжина Маржангул Толеубековна, №8 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы;

- Басыгарина Айгуль Нурмагамбетовна, «М. Ахметбеков атындағы орта мектеп» КММ жанындағы «Балауса» шағын орталығы, Солтүстік Қазақстан облысы;

«Жаңашыл әдіскер»

- Балюк Оксана Сергеевна, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының «Березка» бөбекжайы;

- Басынбекова Латифа Умиртаевна, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, №6 «Ата-Мекен» балабақшасы.

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздардың байқауға ұсынылған қорытындысы мен материалдары www.irrd.kz Орталық сайтында және әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланатын болады.

Яндекс.Метрика