+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

28.06.2021Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысының сала мамандарымен онлайн кездесу өттi

Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысының сала мамандарымен онлайн кездесу өттi21 маусымда «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысымен онлайн семинар өткiздi, оған облыстық бiлiм басқармасы мамандары, әдiстемелiк кабинет әдiскерлерi, балабақша әдiскерлерi мен педагогтерi қатысты.

Мектепке дейiнгi ұйымдарда жазғы сауықтыру жұмысын сауатты ұйымдастыру шынықтыру арқылы қысқы маусымдағы суық тиюге бала ағзасының қарсы тұру қабiлетiн нығайтуды, «ойын арқылы оқыту» қағидатының негiзiнде бiлуге құштарлығын қолдауды, таза ауадағы ұлттық ойындар арқылы рухани жан-дүниесiн байытуды, әлеуметтендiрудi күн режимiмен үйлесiмдi ұштастыруды қарастырады.

Кездесу барысында «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының мамандары жазғы сауықтыру жұмысын ұйымдастыруға қатысты қойылған барлық сұрақтарға жауап бердi.

Жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Алматы қаласы, № 187 балабақшасының әзiрлеген бейнеролигiн төмендегi сiлтемеден өту арқылы тамашалай аласыздар.

http://irrd.kz/page/read/2021_g_video.html

Яндекс.Метрика