+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

23.10.2018«Әртүрлі жастағы топтарда оқу процесін ұйымдастыру» онлайн тәртібінде республикалық семинарын өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылдың 25 қазанында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының 2018 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес «Әртүрлі жастағы топтарда оқу процесін ұйымдастыру» республикалық семинарын (онлайн тәртібінде) өткізеді.

Осы мәселені талқылауға «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалық білім басқармаларының мектепке дейінгі білім беру саласына жауапты мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысады.

Республикалық семинар (онлайн тәртібінде) жұмысы барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі әр түрлі жастағы топтарда білім беру үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және өткізу ерекшеліктері туралы мәселелер қаралатын болады.

Семинарда уақыт талаптарына сәйкес жоғарыда аталған мәселе бойынша пікір алмасу өтеді.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.

Яндекс.Метрика