+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

26.10.2018«Әртүрлі жастағы топтарда оқу процесін ұйымдастыру» онлайн тәртібіндегі семинардың ұсынымдары

Астана қаласы, 25 қазан 2018 ж.

Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие процесін жетілдіруге ықпал ететін мектепке дейінгі білім сапасы мен жаңа бағыттарды енгізуді жетілдіру бойынша 2018 жылдың 25 қазанында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының 2018 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес «Әртүрлі жастағы топтарда оқу процесін ұйымдастыру» республикалық семинар (онлайн тәртібінде) өткізілді.

Семинар жұмысына «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалық білім басқармаларының мектепке дейінгі білім беру саласына жауапты мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.

Семинар барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі әр түрлі жастағы топтарда білім беру үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және өткізу ерекшеліктері туралы мәселелер қаралды.

Семинар (онлайн тәртібінде) қорытындысы бойынша қатысушылар келесі ұсынымдар қабылдады:

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталыққа:

— мектепке дейінгі ұйымдардағы әртүрлі жастағы топтарда білім беру процесін ұйымдастыру бойынша отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

— әртүрлі жастағы топтарда білім беру процесін және  режимдік сәттерді ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

— мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі жастағы топтар жұмысының оң тәжірибесін www.irrd.kz орталық сайты, «Дана бала» республикалық ғылыми-ақпараттық әдістемелік журналы арқылы, әлеуметтік желілерде және басқаларында жариялау.

 

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру басқармаларына:

—  әртүрлі жастағы топтарда білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау (тиімді);

— «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығымен бірге әртүрлі жастағы топтарда жұмыс істейтін педагогтарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Яндекс.Метрика