+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

06.02.2021«Мектепке дейiнгi ұйымдардағы инновациялық iзденiстер мен тәжiрибелер» республикалық онлайн семинар

2021 жылғы 5 ақпанда «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы Алматы облысының бiлiм басқармасымен бiрлесiп «Мектепке дейiнгi ұйымдардағы инновациялық iзденiстер мен тәжiрибелер» тақырыбында республикалық семинар (бұдан әрi — Семинар) онлайн режимiнде өткiзiлдi.

Семинардың мақсаты инновациялық әдiстемелiк орталықтар арқылы мектепке дейiнгi ұйымдарға бiлiм беру технологияларын енгiзу, педагогтердiң кәсiби құзыреттiлiктерiн арттыру, әдiстемелiк қолдау көрсету.

Семинарда «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мазмұны бөлiмiнiң басшысы Ерманова Мария Наятовна «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды дамытудың басым бағыттары» тақырыбында баяндама жасап, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды дамытуға бағытталған жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар семинарда Алматы облысының бiлiм басқармасы басшысының орынбасары Адамбекова Айжан Маманқызы «Мектепке дейiнгi ұйымдардағы инновациялық iзденiстер мен тәжiрибелер», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетiнiң профессоры, п.ғ.д. Жиенбаева Сайра Нагашыбаевна «Мектепке дейiнгi ұйымдарға ғылыми-педагогикалық бағыттағы маман даярлаудың қазiргi мәселелерi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» ДББҰ Бiлiм беру бағдарламалар орталығы аға менеджерi Қажығалиева Жанат Башаринқызы «Мемлекеттiк тiлдi дамытуға бағытталған мектеп жасына дейiнгi балаларды тiлге бойлау бағдарламасы», Талдықорған қаласындағы №45 «Арман» балабақшасының меңгерушiсi Сейлгазинова Сандуғаш Айтмуханқызы «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту процесiне Н.А.Зайцев әдiстемесiн енгiзудiң тиiмдiлiгi» тақырыптарында баяндама жасады.Баяндама барысында iзденiстер мен маман даярлаудың қазiргi мәселелерi, жаңа әдiстер мен тәсiлдер туралы айтылды.

Семинар соңында тәжiрибелiк алаңда мектепке дейiнгi ұйым педагогтерi тәжiрибелерiмен бөлiсiп, пiкiр алмасып, ұсынымдар қабылдады.

Яндекс.Метрика