+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

29.10.2021«Ерте жастағы балаларды әлеуметтендiру және бейiмдеу» онлайн режимiндегi республикалық семинар

«Ерте жастағы балаларды әлеуметтендiру және бейiмдеу» республикалық семинарын
онлайн режимiнде өткiзу туралы
ақпарат

2021 жылы 28 қазанда «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының 2021 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес «Ерте жастағы балаларды әлеуметтендiру және бейiмдеу» тақырыбында республикалық семинар өткiзiлдi.

Семинар жұмысына облыстық, аудандық, қалалық әдiстемелiк кабинеттердiң (орталықтардың) әдiскерлерi, мектепке дейiнгi ұйымдардың басшылары, әдiскерлерi мен педагогтерi қатысты. Республиканың 17 өңiрiнен 7 000-нан астам қатысушы қамтылды.

«Ерте жастағы балаларды әлеуметтендiру» презентациясымен «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту бөлiмiнiң аға сарапшысы Ж.Б. Бликова сөз сөйледi. Семинарға қатысушылар мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi Стандартына сәйкес әлеуметтендiру процесiмен таныстырылды және балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудағы осы процестiң негiзгi мiндеттерi:

  • мектепке дейiнгi ұйым жағдайында баланың әлеуметтiк бейiмделу процесiн жеңiлдету: қолайлы жағдай жасау (заттық-кеңiстiктiк бiлiм беру ортасы);
  • құрдастарымен және ересектермен белсендi қарым-қатынас жасау, бiрлескен ойындарға қатысу;
  • дербестiктi дамыту, өзiне-өзi қызмет көрсетудiң бастапқы дағдыларын қалыптастыру;
  • қарапайым жалпы қабылданған нормалармен және басқалармен оң қарым-қатынаста болу ережелерiмен таныстыру;
  • жақын адамдарына, өсiмдiктер мен жануарлар әлемiне достық қарым-қатынас жасауға, жағымды көңiл-күйде болуға тәрбиелеу.

Ерте жастағы балалардың тез бейiмделуiне әсер ететiн құрылымдық компоненттер мен факторларды сипаттай келе ата-аналармен жұмыс iстеудiң қажеттiлiгiн және олармен ынтымақтастықтың әртүрлi формаларының болуын атап өттi.

Бейiмделу процесiнiң ерекшелiктерi айтылып, мектепке дейiнгi ұйымдардың педагог-практиктерiнiң жұмыс тәжiрибесiнен алынған баяндамалар тыңдалды.

Ақмола және Солтүстiк Қазақстан облыстарының спикерлерi (Бекенова М.Д., Жоламанова А.К.) ерте жастағы балалардың даму ерекшелiктерiне назар аударды. Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенiнiң директоры Н.В. Махаеваның сөйлеген сөзiнде 3 жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеудегi үрдiстер, тәуекелдер және оларды шешу жолдары атап өтiлдi. Қарағанды облысының (Т.В. Митренко) және Павлодар облысының (А.С. Рустемханова) спикерлерi ерте жастағы балаларды мектепке дейiнгi ұйымда бастапқы әлеуметтендiру үшiн бейiмделу және жағдай жасау проблемасына және осы кезеңде сәттi бейiмделу үшiн ата-аналармен психологиялық-педагогикалық жұмыс iстеу қажеттiлiгiне тоқталды. Халық педагогикасының дәстүрiне сүйене отырып, Шамаева Л.А. (Қызылорда облысы) балаларды ерте жастан адамгершiлiкке тәрбиелеу мәселелерiне тоқталды.

Семинар соңында ерте жастағы балалардың әлеуметтенуi қалай өтетiнiне, олардың әрi қарай физикалық және психикалық дамуы, мектепке дейiнгi ұйым мен отбасы жағдайында жайлы өмiр сүруiне байланысты деген қорытынды жасалды.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзiрлендi.

КГУ «Валеологическая специализированная школа-комплекс для одаренных детей» управления образования Восточно-Казахстанской области ВКО Ахаева Н.В. «Воспитание детей до 3 лет: тенденции, риски и решения» (ZIP 13555 Kb)

«Ерте жастағы балалардың мектепке дейiнгi ұйымға бейiмделуi кезеңiнде ата-аналармен педагогикалық-психологиялық жүргiзiлетiн жұмыстар» Рустемханова А.С. (ZIP 3992 Kb)

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДIРУ РЦДД БЛИКОВА Ж.Б. (ZIP 4240 Kb)

Ақмола ПРЕЗЕНТАЦИЯ БЕКЕНОВА М.Д. (ZIP 25288 Kb)

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАҒА АЛҒАШҚЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДIРУ ЖӘНЕ СӘТТI БЕЙIМДЕУ ҮШIН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ. Митренко Т.В. (ZIP 7880 Kb)

Ерте жастан берiлген өнегелi тәрбие — бала бақытының кепiлi Шамшаева Л.А. (ZIP 29022 Kb)

 

 

Яндекс.Метрика