+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

28.06.2021Жас педагогтердiң республикалық форумы өттi

Жас педагогтердiң республикалық форумы өттi

9 маусым күнi Нұр-Сұлтан қаласының Бiлiм берудi жаңғырту орталығы Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА және «Мектепке дейiнгi балалық шақ» Республикалық орталығының қатысуымен «Жас педагогтiң кәсiби бағдары» тақырыбындағы жас педагогтердiң республикалық форумын өткiздi.

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» Республикалық орталығы пленарлық отырыста баяндама жасап, мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен бiлiм берудiң бағыт-бағдарымен, педагогикалық процестiң жаңашылдықтарымен таныстырып өттi.

Қазiргi әлемде педагогтiң үнемi даму үстiнде болуы, балаларды тыңдай бiлу, сұрақтар қою, дәлелдер iздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау бiлу және шығармашылық эксперименттер жүргiзу қабiлетi аса маңызды. Педагогтер белсендi зерттеушi және балалармен жұмыс iстеудiң жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиiс. Модельдi iске асыру жоғары оқу орындары мен колледждердiң қатысуымен мектепке дейiнгi ұйымдар педагогтерiнiң сапалық деңгейiн арттыру мәселесiн шешуде кешендi тәсiлдердi қарастырады.

Яндекс.Метрика