+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң атауын өзгерту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң атауы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттiк мекемесi болып өзгертiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

1) «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағындағы мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесiнде:

реттiк нөмiрi 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«14. «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттiк мекемесi.»;

2) «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы

15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiндегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:

6-бөлiмде:

мына:

«

10) «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы 40

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

10) Балаларды ерте дамыту институты 40

».

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi А. Мамин

Қаралым саны: 22649