+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

20.03.2019«Ханталапай» республикалық (сырттай) байқауын өткізу қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ жоспарына сәйкес 2019 жылғы 18 наурызда «Ханталапай» республикалық (сырттай) байқауы өткізілді.

Байқау мақсаты: қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың жас ерекшелігіне байланысты логикалық ой жүйесін дамыту, ұлттық мәдениетті,  салт-дәстүрлерді насихаттау.

Байқауға меншік нысанына, тәрбиелеу мен оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардағы 4-6 (7) жас аралығындағы балалар қатысты. Байқауға қатысушы бала саны: 7-10.

Байқау үш кезеңде өткізілді: 1 – аудандық (қалалық); 2 – облыстық; 3 – республикалық. Байқау қатысушылары — облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық кезеңнің Бас жүлде иегерлері.

Байқауға 14 өңірден мектепке дейінгі ұйымдар қатысты. Байқаудың республикалық кезеңіне қатысу үшін Орталыққа ойынның барысы және қызықты сәттері туралы бейнематериалдар мен фотоколлаждарды білім басқармалары жолдады.

Байқауды ұйысдастыру және өткізу деңгейі келесі критерийлер бойынша бағаланды:

1) бейнетаспа:

— ойын шартының ашылуы (педагогтің ұйымдастыру шеберлігі);

— ойын мазмұнының ашылуы (сөйлеу мәнері, көрнекі құралдардың қолданылуы);

— видеоның сапасы;

— ойын өткізу орнының талапқа сәйкестігі (ұлттық құндылықта безендірілуі).

2) фотоколлаж:

— көркем безендірілуі;

— фотоның сапасы;

— сюжеттің ойын мазмұнына сәйкестігі;

— фотоколлаж құрастыруда шығармашылық таныту.

«Ең үздік бейнетаспа» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

Бас жүлде —  № 16 «Ертегі» балабақшасы, Маңғыстау облысы, Жанаөзен қаласы;

I орын — № 43 «Еркеназ» балабақшасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы;

— № 13  «Балдырған» балабақшасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы;

— № 20 «Мерей» балабақшасы Павлодар облысы, Екібастұз қаласы;

II орын —  «Күншуақ» балабақшасы,Алматы облысы, Жамбыл ауданы

III орын – «Көркемай» балабақшасы, Атырау қаласы;

— «Қарлығаш» балабақшасы, Түркістан облысы, Түлкібас кенті;

— № 147 бөбекжай бақшасы, Алматы қаласы

— № 5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы;

«Ең үздік фотоколлаж» номинациясы бойынша жүлдегерлер:

Бас жүлде —  «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы, Петропавл қаласы;

I орын — № 24 «Айналайын» балабақшасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы;

№ 5 «Нұрсәт» бөбекжай-балабақшасы, Шымкент қаласы

II орын – «Амина» бөбекжай-бақшасы, ШҚО, Аягөз ауданы;

№ 51 балабақша, Алматы қаласы

III орын – «Балбөбек» балабақшасы, Ақтөбе облысы, Ембі қаласы

— «Бөбек» балабақшасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы

— «Ақбота» бөбекжайы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы;

Алғыс хат иегерлері:

«Арай» балабақшасы, Алматы облысы,  Панфилов ауданы;

«Алма» жекеменшік балабақшасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы;

№ 56 «Жұлдыз» бөбекжайы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы;

«Аққу» бөбекжайы, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы;

«Айналайын» балабақшасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы;

«Айнагүл» бөбекжай-бақшасы, СҚО, Жамбыл ауданы.

Яндекс.Метрика