+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

13.08.20202020 жылғы Республикалық тамыз конференциясы аясында «Қазақстан Республикасында бiлiм берудi және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының мақсаты мен мiндеттерiн iске асыруда мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың қолжетiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң педагог қызметкерлерiне арналған онлайн тәртiбiнде секция отырысын өткiзiлгенi туралы ақпарат

2020 жылғы 12 тамызда Республикалық тамыз конференциясы аясында «Қазақстан Республикасында бiлiм берудi және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының мақсаты мен мiндеттерiн iске асыруда мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың қолжетiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң педагог қызметкерлерiне арналған онлайн тәртiбiнде секция отырысы өткiзiлдi.

Секция жұмысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың бiлiм басқармаларының жауапты мамандары, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бөлiмiнiң басшылары, облыстық әдiстемелiк орталықтар мен кабинеттердiң мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бөлiмдерiнiң мамандары, мектепке дейiнгi ұйымдардың басшылары, әдiскерлерi мен педагогтерi, жоғары оқу орындары мен колледждердiң оқытушылары, бiлiктiлiктi арттыру институтының мамандары, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Бiлiм беру қоры» Қоғамдық Қоры филиалының, Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ), үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысты. Барлығы 314 педагог қатысты.

Жұмыс барысында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң өзектi мәселелерi талқыланды:

  • мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттары;
  • нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
  • 2020-2021 оқу жылында тәрбие-бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi;
  • мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнiң кадрларын даярлау және т.б.

Онлайн режимiндегi секция отырысы аясында педагогтерiнiң озық жұмыс тәжiрибесiнен шеберлiк алаңы: «Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгi ұйымдары қызметiнiң табысты тәжiрибелерiнiң панорамасы» өткiзiлдi.

Еркiн микрофон секция отырысы қатысушыларына пiкiр алмасуға, өз тiлектерi мен ұсыныстарын енгiзуге мүмкiндiк бердi.

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң педагог қызметкерлерiне арналған онлайн тәртiбiнде секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Яндекс.Метрика