+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

17.08.2021Республикалық тамыз конференциясы шеңберiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру педагогтерiне арналған «Мектепке дейiнгi бiлiм беру: өзгеру, бұрынғыдай қалмау керек» тақырыбындағы Халықаралық мектеп өткiзу туралы ақпарат

Республикалық тамыз конференциясы шеңберiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру педагогтерiне арналған «Мектепке дейiнгi бiлiм беру: өзгеру, бұрынғыдай қалмау керек» тақырыбындағы Халықаралық мектеп өткiзу туралы ақпарат Республикалық тамыз конференциясы шеңберiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру педагогтерiне арналған «Мектепке дейiнгi бiлiм беру: өзгеру, бұрынғыдай қалмау керек» тақырыбындағы Халықаралық мектеп өткiзу туралы ақпарат

«Бiлiм және ғылым жүйесiн жаңғыртудың ғылыми негiздерi» ғылыми-техникалық бағдарламасын iске асыру барысында 2021 жылғы 17 тамызда Республикалық тамыз конференциясы шеңберiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру педагогтерiне арналған «Мектепке дейiнгi бiлiм беру: өзгерiстер жолында» тақырыбында Халықаралық мектеп жұмысы жүргiзiлдi. Халықаралық мектептiң ұйымдастырушылары «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы, «OYNA балалық шақ институты», Балалық шақ университетi (Ресей) болды.

Халықаралық мектеп жұмысына Қазақстанның мемлекеттiк және жекеменшiк мектепке дейiнгi ұйымдарының басшылары мен педагогтерi, РФ Свердловск облысының бiлiм министрлiгiнiң, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкiлдерi қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 1 мыңнан астам адамды құрады.

Халықаралық мектеп қатысушыларына ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Мектепке дейiнгi және орта бiлiм комитетiнiң төрағасы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы құттықтау сөз сөйледi.

Республикалық тамыз конференциясы шеңберiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру педагогтерiне арналған «Мектепке дейiнгi бiлiм беру: өзгеру, бұрынғыдай қалмау керек» тақырыбындағы Халықаралық мектеп өткiзу туралы ақпаратҚатысушылармен сенiмдi және ұзақ мерзiмдi қарым-қатынас орнату мақсатында нетворкинг (қатысушылармен танысу) өткiзiлдi, оның соңында Балалық шақ университетiнiң (Ресей) «КнигаБум», «Проект Игра 4Д», «Проект Чердак времени» жобаларының таныстырылымы ұсынылды.

Халықаралық мектеп жұмысына педагогика ғылымдарының кандидаты, «Балалық шақ университетiнiң» сарапшысы, профессор, «ПРОдетей» және «ОткрытиЯ» мектепке дейiнгi бiлiм беру бағдарламаларының авторы, Мектепке дейiнгi бiлiм беру сапасын тәуелсiз бағалау құралының бiрлескен авторы Елена Георгиевна Юдина қатысты. Ол өз сөзiнде қазiргi кезеңдегi мектепке дейiнгi бiлiм берудiң жай-күйiн егжей-тегжейлi талдады. Қазақстандық тәжiрибе Қостанай қ. «Ақ ерке» бiлiм беру орталығының басшысы Е.Венгерская; жеке бiлiм беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының төрайымының орынбасары Х.Мамедованың баяндамасында ұсынылды.

Халықаралық мектеп жұмысының 2-бөлiмiнде бiлiм беру салалары бойынша шеберханалар, барлығы 7 секцияның жұмысы ұйымдастырылды, олардың спикерлерi «Балалық шақ университетi» командасының әрiптестерi болды.

Қатысушылар пiкiр алмасты, өз тiлектерi мен ұсыныстарын бiлдiрдi, толғандыратын сұрақтарын қойды.

«Бiлiм және ғылым жүйесiн жаңғыртудың ғылыми негiздерi» ғылыми-техникалық бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Халықаралық мектептiң жұмысы әлемдiк тәжiрибенi зерделеуге және зерттеу жобасын талдауды толықтыруға мүмкiндiк бердi.

Кездесу соңында өткiзiлген рефлексия, аталған шараның тиiмдiлiгi мен мақсаттылығын көрсеттi. Қатысушылар Халықаралық мектеп жұмысы болашақта жалғасын табады деген сенiмде өз пiкiрлерiн қалдырды.

Республикалық тамыз конференциясы шеңберiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру педагогтерiне арналған «Мектепке дейiнгi бiлiм беру: өзгеру, бұрынғыдай қалмау керек» тақырыбындағы Халықаралық мектеп өткiзу туралы ақпарат Республикалық тамыз конференциясы шеңберiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру педагогтерiне арналған «Мектепке дейiнгi бiлiм беру: өзгеру, бұрынғыдай қалмау керек» тақырыбындағы Халықаралық мектеп өткiзу туралы ақпарат

«Мектепке дейінгі білім беру: өзгерістер жолында» атты мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған Халықаралық мектеп бағдарламасы (DOCX 29 Kb)

Презентации (ZIP 240548 Kb)

Яндекс.Метрика