+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

09.01.2019Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткен «Тәуелсіздік және Елбасы» республикалық (сырттай) балалардың мәнерлеп оқудан байқауын өткізу туралы

АҚПАРАТ

     Астана қаласы                                                                                                   12.12.2018 ж.

 

Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының
2018 жылғы жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында  «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында «Тәуелсіздік және Елбасы»  (сырттай) республикалық байқау (бұдан әрі – Байқау) өткізілді.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалар бойына көркемсөз арқылы туған еліне мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Байқау әр балабақшада ұйымдастырылып, мектепке дейінгі ұйымдардың ересек топ балалар арасында өткізілді.

Республикалық (сырттай) байқауға қатысу үшін Облыстық білім басқармалары өз облыстарында бас жүлде иегерлері деп танылғанғандардың бейнематериалдардағы  жұмыстары мен өтініштерін жіберді.

Байқауға 14 өңірден  бас жүлде иегерлерінің жұмыстары келіп түсті.

Жұмыстарды бағалау үшін Орталықтың сарапшыларынан, Астана қаласының балабақшалары меңгерушілері және әдіскерлерінен әділқазылар алқасы құрылды.

Әділқазылар алқасы  келесідей бағалау критерийлері бойынша бағалады: таңдалған материалдың байқау тақырыбына сәйкестігі, автор мен туынды атауын жариялай білуі, әдеби туындыға интонация, ым, ишара арқылы өз көзқарасын білдіре білуі, шығарма мәтінін білуі және дұрыс айтуы, сыртқы келбетінің сәйкестігі.

Қорытындысында, байқаудың ұйымдастыру комитеті ең үздік жұмыстарымен танысып, зерделеп, талқылап, олардың жан-жақты ізденімпаздығын,  шығармашылығын, орындаушылығын бағалап, төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды және «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының арнайы дипломдарымен марапатталды:

— Бас жүлде —  Әбсаттар Абдрахман, № 118 «Әсел» балабақшасы, Шымкент қаласы;

— I орын — Кабдоллаева Медина,   Павлодар облысы,  Екібастұз қаласы, №20  «Мерей» балабақшасы;

—   I орын — Жансерке Айсана,  Алматы облысы, Талдықорған қаласы, № 42 балабақшасы;

—  I орын — Әбітай Айша,  Атырау облысы, Атырау қаласы, «Н.Назарбаев білім қорының Мирас балабақшасы»;

— I орын — Сагиева Зере,   Павлодар облысы,  Екібастұз қаласы, №23  «Балауса» балабақшасы;

—  II орын — Жұмабай Нұрлыбек, Манғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 39 «Хиуаз» балабақшасы;

— II орын — Рамазанова София Евгеньевна,  Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Қушоқы кенті «Айналайын» бөбекжай-бақшасы;

— II орын — Кабір Мирас, Астана қаласы № 92 «Жауқазын» балабақшасы;

— II орын — Нәсіпқали Азиза – Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол орта мектебі;

— II орын — Талғат Сардар, Батыс Қазақстан облысы;

— III орын – Едигеев Диасыл, Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 28 бөбекжай-балабақшасы»;

— III орын – Бұхарбай Гаухар, Манғыстау облысы, Тұпқараған ауданы, «Бәтерек» балабақшасы;

— III орын – Тұрсынхан Ақжан, Алматы қаласы, «№ 115 бөбекжай балабақшасы»;

  Байқау номинациялары:

— «Ең сүйкімді орындаушы» — Жумадилова Сағыныш, Шымкент қаласы, «Қазына» балабақшасы;

— «Ең шынайы орындаушы» — Нәсіпқали Азиза Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол орта мектебі;

— «Ең көркем орындаушы» — Рамазанова София Евгеньевна, Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Қушоқы кенті «Айналайын» бөбекжай-бақшасы;

— Сакимова Қарлығаш,Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ленинград ауылы, «Еркетай» бөбекжай-бақшасы.

    Алғыс хат:

— Зекенов Ералы, Шығыс Қазақстан облысы;

— Ақжолұлы Бексултан, Шығыс Қазақстан облысы;

— Аяпова Фарида, Батыс Қазақстан облысы;

— Митрофанова Евгения, Павлодар облысы;

— Серикова Гаухар, Жамбыл облысы;

— Марат Ильяс, Алматы қаласы;

— Киреева Полина, Алматы қаласы;

— Ажибаева Аида, Ақтөбе облысы;

— Заманхан Жақсылық, Шымкент қаласы;

— Торопчина Адель, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы.

Яндекс.Метрика