+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

29.05.20202020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау хаттың жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілгені туралы ақпарат

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының 2020 жылдың І  жартыжылдығының жоспарына сәйкес ағымды жылдың 29 мамырында 2020-2021 оқу жылында білім беру  процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау хаттың жобасын талқылау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, Нұр-Сұлтан қаласы білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында 2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау хатта өзгерістер, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын және үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылды. 

Дөңгелек үстел барысында «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының директорының міндетін атқарушы Базарбаева Роза Жолаушиевна сөз алды. Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерген азаматты тәрбиелеу мен оқыту нысаналы индикатор болып айқындалған; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы мемлекеттік саясат педагог кәсібінің кәсіби құзыреттілігі мен беделін арттыруға, 4К моделіне (креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникабельдікті және командада жұмыс істей білуді дамыту) бағдарланған білім беру процесін жетілдіруге, тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуға, қалыптастыруға бағытталатынына тоқталды. 

2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау хат жобасын түсіндіру бойынша «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО аға сарапшысы - Бликова Жанар Байдаулетқызы сөз сөйледі. 

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесінің ерекшеліктерін талқылауға: 

-   Шайжанова Гульмира Аскарқызы - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері қосылды. Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығы мәселелерінде тоқталды; 

- Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы - Әзімбай Нұржамал Карімбердіқызы жаңартылған білім мазмұны аясында мектепке дейінгі ұйымдардағы әдістемелік қызметінің ерекшілігінде тоқталды; 

- Целиноград ауданы білім беру бөлімінің «Алтын дән» балабақшасының меңгерушісі Дидик Саида Гайниттеновна жалғастырды. Целиноград ауданының мектепке дейінгі ұйымдарындағы білім беру процесінің ерекшеліктерінде тоқталды; 

- Мұстафаева Венера Ахметқызы – Нұр-Сұлтан қаласы №56 «Береке» балабақшасының   әдіскері, Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы тәрбие-білім беру процесінің ерекшеліктеріне мән берді; 

- Нұр-Сұлтан қаласы № 38 «Шаттық» балабақшаның жанындағы шағын орталығының әдіскері  Білібаева Фарида Аманбайқызы мектепке дейінгі ұйымдардың шағын орталықтарындағы білім беру процесінің ерекшеліктерінде тоқталды. 

Талқылау барысында әдістемелік нұсқау хат жобасы бойынша сұрақтар қойылды.  

Дөңгелек үстел қорытындысында ұсыныстар қабылданды. 

 

Яндекс.Метрика