+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

17.09.2020«Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелді өткізу туралы ақпарат

2020 жылғы 17 қыркүйекте «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелерін шешу бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыру» атты дөңгелек үстел өткізді, оған Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары Білім басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімдерінің басшылары, жауапты мамандары, облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімдерінің басшылары қатысты.

«Дөңгелек үстелді» «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің басшысы Ерманова Мариям Наятовна және ақпараттық — талдау бөлімінің басшысы Тюлебаева Гульмира Кайратовна ашты.

Қарағанды облысының білім басқармасы жанындағы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Бугубаева Алмагуль Данияровна сөз сөйледі, ол мектепке дейінгі және мектепалды жастағы балаларға арналған тәрбие-білім беру процесін сапалы ұйымдастыру бойынша өңірде жүргізіліп жатқан жұмыс тәжірибесімен бөлісті, проблемаларға және оларды шешу жолдарын іздестіруге тоқталды.

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту әдіскері Кажахметова Айман Негметжановна мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жүзеге асыру бойынша өңірдің жұмысын, кезекші топтардың жұмысы туралы таныстырды.

Петропавл қаласы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының қызметін әдіскер Петилина Светлана Анатольевна таныстырды.

Сөз соңында жұмыс барысында туындаған өзекті мәселелер талқыланды.

Яндекс.Метрика