+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

24.09.2018«Балаларды ерте жастан дамытудағы ата-аналар мен педагогтердің өзараәрекетінің рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілгені туралы ақпарат

«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық  орталығының 2018 жылғы жылдық жоспарына сәйкес ағымдығы жылдың 20 қыркүйегінде «Балаларды ерте жаста дамытудағы ата-аналар мен педагогтердің өзара әрекетінің рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Осы мәселені талқылауға ҚР БҒМ  Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің өкілдері, Отбасы Тәрбиесі Институты,  үкіметтік емес ұйымдар («Мектепке дейінгі ұйымдардың Қазақстандық ассоциациясы», «Нұр Болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы) ата-аналар қауымы, мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибелі педагогтер, медицина қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ерте жастағы балаларды дамыту, тәрбиелеу, күтіп-бағу мәселелері бойынша ата-аналар және мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының ынтымақтастығы;  ерте жастағы балалардың ата-аналары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі педагогикалық қызметкерлердің өзара іс-қимылына инновациялық тәсілдері; мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы  балаларды дамытудың  психологиялық ерекшеліктері; мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балаларды медициналық-педагогикалық қолдау; балалардың ерте жастан әлеуметтік және өз бетінше үйрену дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелде бүгінгі күн талаптары мен ата-аналар қауымы  сұраныстарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде  балаларды ерте жастан  дамытудағы  ата-аналар мен педагогтердің  өзара іс-қимылын  жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы  директорының міндетін атқарушы О.Н.Күмісбекова дөңгелек үстел жұмысын бастады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.  Балалардың ерте жастан әлеуеметтік дағдылары мен өз бетінше үйрену дағдыларын қалыптастыру мәселесі бойынша «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО аға сарапшысы Ж.Б.Бликова сөз алды.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің білім беру қызметкерлерінің ерте жастағы балалары бар ата-аналармен өзара әрекетінің инновациялық бағыттары» баяндамасын  Астана қаласы № 68 «Балбұлақ» балабақшасының меңгерушісі Қ.Қ.Асанова оқыды. Мектепке дейінгі ұйымда балаларды ерте жастан дамытудың психологиялық ерекшеліктерін Астана қаласы № 29 «Ақ қайың» балабақшасының тәрбиешісі А.А.Тулеуова атап өтті. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылармен ұсынымдар қабылданды.

Яндекс.Метрика