+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

15.12.2022«Ата-аналарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесіне тартудың пәрменді практикасы» республикалық семинар-практикумын өткізу туралы

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанда Балаларды ерте дамыту институты «Ата-аналарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесіне тартудың пәрменді практикасы» мәселесі бойынша онлайн режимінде республикалық семинар-практикум ұйымдастырып, өткізді.
Семинар жұмысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберінде отбасымен және қоғаммен әріптестік орнату арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталды.
Семинарға облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің, МДТО бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, педагогтері қатысты. Жұмысқа 100 нүкте қосылып, мектепке дейінгі білім берудің 2000-нан астам педагогы қамтылды.
Семинар барысында:
- отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның ынтымақтастығы, ата-аналарды балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту процесіне тарту;
- цифрлық ресурстарды қолдану арқылы отбасымен жұмысты тиімді ұйымдастыру;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи жағыдайында ата-аналар мен педагогтердің әлеуметтік серіктестігін дамыту;
- апробация барысында педагогтермен және ата-аналармен жұмыс жасау тиімділігі;
- мектепке дейінгі ұйымдарда интеллектум ойын техникасын ата-анамен жұмыста пайдалану әдістері;
- баланың зияткерлік машықтарын дамытудағы кітаптың рөлі туралы мәселелер көтерілді.
Мәселелерді талқылағаннан кейін рефлексия жүргізілді.
Семинар соңында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының мамандары мен педагогтері ата-аналарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесіне тарту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Яндекс.Метрика