+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

18.12.2019«Тәуелсiздiк — ел тұғыры» Республикалық (сырттай) мәнерлеп оқу байқауы туралы ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласы 11.12.2019 ж.

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» Республикалық орталығының 2019 жылғы жоспарына сәйкес және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру аясында ағымдағы жылдың 11 желтоқсан айында «Тәуелсiздiк — ел тұғыры» республикалық (сырттай) мәнерлеп оқу байқауы өткiзiлдi.

Мақсаты: мектеп жасына дейiнгi балалар бойына көркемсөз арқылы туған елiне мақтаныш, сүйiспеншiлiк сезiмдерiн тәрбиелеу.

Байқауды ұйымдастырушылар «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы, облыстық, аудандық (қалалық) бiлiм басқармалары болып табылды.

Байқау мектепке дейiнгi ұйымдардың 3-6 (7) жастағы балалар арасында өткiзiлдi. Байқауға қатысу үшiн өңiрлiк Ұйымдастыру комитетiне қатысушылар өтiнiштер бердi.

Орындау деңгейi 3 ұпайлық жүйемен келесi критерийлер бойынша бағаланды:

  • таңдалған материалдың Байқау тақырыбына сәйкестiгi;
  • автор мен туынды атауын жариялай бiлуi;
  • әдеби туындыға интонация, ым, ишара арқылы өз көзқарасын бiлдiре бiлуi;
  • шығарма мәтiнiн бiлуi және дұрыс айтуы;
  • сыртқы келбетiнiң сәйкестiгi.

Облыстық кезеңде жеңiмпаз атанған мектепке дейiнгi ұйымның жұмысы республикалық кезеңге жiберiлдi.

Республикалық кезеңге 15 өңiрден 33 жұмыс қабылданды.

Байқау қорытындысы бойынша келесi мектепке дейiнгi ұйымдар жүлдегер атанды:

Ортаңғы топ балалары (3-4 жастағы) арасында мынадай орындар берiлдi:

I орын — «Тәуелсiздiк Қазақстан!» Битөре Зайна Олжасқызы, Алматы қаласы, №104 бөбекжай-балабақшасы.

II орын — «Тәуелсiз елдiң ұланымын!» Зинабдин Ғибрат, Қызылорда қаласы, «Алпамыс» бөбекжай-бақшасы.

III орын — «Туған өлкем» Сұлтанғали Жан-төре Ерекұлы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы.

Ересек топ балалары (4-5 жастағы) арасында мынадай орындар берiлдi:

I орын — «Тәуелсiздiк алған күнi!» Саламат Iнжу, Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен мектеп гимназиясы.

II орын — «Тұған өлке» Ласточкина Екатерина Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №33 «Ю. Гагарин» бала-балабақшасы.

III орын — «Қазақстан — тәуелсiз ел» Телiбай Едiгебатыр, Түркiстан қаласы, МКҚК «Әлия» балабақшасы.

Мектепалды даярлық топтарымен және сыныптарының арасында мынадай орындар берiлдi:

I орын — «Тәуелсiздiк тұңғышы» Сайлаухан Балжан Айдынқызы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы №11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы.

II орын — «Елбасымен мақтанам» Казбеков Исабек Галымбекұлы, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Нығманов атындағы ОМ шағын орталығы.

III орын — «Мой Президент» Сверидюк София, Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, «Беловская» орта мектебi, мектепалды сыныбы.

«Тәуелсiздiк — ел тұғыры» Республикалық (сырттай) мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталықтың www.irrd.kz ресми сайтына орналастырылды.

Яндекс.Метрика