+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

30.05.2019«Мектепке дейiнгi ұйымдарда 2019-2020 оқу жылында бiлiм беру процесiн ұйымдастыру жөнiнде Әдiстемелiк нұсқау хат жобасын талқылау» on-line тәртiбiндегi семинар өткiзiлгенi туралы ақпарат

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының жоспарына сәйкес 2019 жылдың 30 мамырында «Мектепке дейiнгi ұйымдарда 2019-2020 оқу жылында бiлiм беру процесiн ұйымдастыру жөнiнде Әдiстемелiк нұсқау хат жобасын талқылау» тақырыбында on-Iine тәртiбiнде семинар өткiзiлдi.

Семинарға «Мектепке дейiнгi балалық шақ» Республикалық орталығының, облыстықНұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық бiлiм басқармаларының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мәселелерiне жауапты мамандар мен мектепке дейiнгi ұйым педагогтары қатысты.

Он-лайн тәртiбiндегi семинар жұмысына 500-ден аса нысан қосылды.

Семинар барысында 2019-2020 оқу жылында мектепке дейiнгi ұйымдарда бiлiм беру процесiн ұйымдастыру бойынша әдiстемелiк нұсқау хатта өзгерiстер, мектепке дейiнгi және бастауыш бiлiм берудiң сабақтастығын және үздiксiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбие-бiлiм беру процесiн ұйымдастыру ерекшелiктерi қарастырылды.

Семинар барысында «Мектепке дейiнгi балалық шақ» Республикалық орталығының Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мазмұны бөлiмiнiң басшысы Мария Наятовна Ерманова сөз алды. Өз сөзiнде ол Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында айқындалған республикадағы мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнiң маңызды мiндеттерiне тоқталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасында 21 ғасыр дағдыларын меңгерген азаматты тәрбиелеу мен оқыту нысаналы индикатор болып айқындалған; мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы мемлекеттiк саясат педагог кәсiбiнiң кәсiби құзыреттiлiгi мен беделiн арттыруға, 4К моделiне (креативтiлiктi, сыни ойлауды, коммуникабельдiктi және командада жұмыс iстей бiлудi дамыту) бағдарланған бiлiм беру процесiн жетiлдiруге, тәрбиеленушiлердiң функционалдық сауаттылығын дамытуға, қалыптастыруға бағытталатынына тоқталды.

2019-2020 оқу жылында мектепке дейiнгi ұйымдардың бiлiм беру процесiн ұйымдастыру бойынша әдiстемелiк нұсқау хат жобасын түсiндiру бойынша «Мектепке дейiнгi балалық шақ» РО аға сарапшысы — Бликова Жанар Байдаулетқызы сөз сөйледi.

Сонымен қатар, мектепке дейiнгi ұйымдарда бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн талқылауға Алматы облысының облыстық әдiстемелiк кабинетiнiң әдiскерi Раушан Қабдолаевна Тұмаева және Петропавл қаласының «Ашық аспанк» бөбектер бақшасының әдiскерi Ольга Александровна Миненко қосылды.

Талқылау барысында әдiстемелiк нұсқау хат жобасы бойынша сұрақтар қойылды.

Семинар қорытындысында ұсыныстар қабылданды.

Яндекс.Метрика