+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

15.10.2020Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша онлайн режимінде семинарлар өткізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi А.К. Аймағамбетовтың 2020 жылғы 07 қазанда жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдар мәселелерi жөнiндегi жұмыс кеңесiнде берген тапсырмасы бойынша «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы 2020 жылғы 06-12 қазан аралығында мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтыруларды түсiндiру бойынша «Мектеп жасына дейiнгi балалармен бiлiм беру процесiн ұйымдастыру. 2020-2021 оқу жылында мектепалды жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту» тақырыбында онлайн режимiнде семинарлар өткiздi.

Семинар кестеге сәйкес өңiрлер бойынша өткiзiлдi, 5 000-нан астам нүкте қамтылды.

Семинар жұмысына мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту бөлiмдерiнiң басшылары, қалалар мен облыстардың Бiлiм басқармаларының жауапты мамандары, облыстық әдiстемелiк орталықтар мен кабинеттердiң мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бөлiмдерiнiң басшылары, әдiскерлер, мектепке дейiнгi ұйымдардың және мектепалды даярлық топтарының/сыныптарының педагогтерi қатысты.

Семинарда мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң өзектi мәселелерi талқыланып, мектепке дейiнгi бiлiм беру сапасын арттыру мақсатында қабылданған шараларға тоқталды:

  • нормативтiк құқықтық базаны өзгерту және толықтыру;
  • «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың Үлгiлiк оқу бағдарламаларын бекiту туралы» 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 2020 жылғы 24 қыркүйектегi № 412 өзгерiстер енгiзу туралы;
  • 2020-2021 оқу жылында мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбие-бiлiм беру процесiн ұйымдастыру;
  • 2020-2021 оқу жылында мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында тәрбие-бiлiм беру процесiн ұйымдастыру;
  • мектепалды даярлық топтарындағы/сыныптарындағы апталық оқу жүктемесi туралы және т.б.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының директоры Базарбаева Р.Ж., мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мазмұны бөлiмiнiң басшысы Ерманова М.Н., мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мазмұны бөлiмiнiң аға сарапшысы Бликова Ж.Б. түсiнiктеме бердi.

Еркiн микрофон семинарға қатысушыларға пiкiр алмасуға, өз тiлектерi мен ұсыныстарын енгiзуге, толғандыратын сұрақтар қоюға мүмкiндiк бердi.

Яндекс.Метрика