+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

28.09.2019Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттырудың заманауи тәсілдері» тақырыптық алаңының өткізілгені туралы ақпарат

2019 жылғы 15 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Оқушылар сарайында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң педагогтерiне арналған «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту сапасын арттырудың заманауи тәсiлдерi» атты тақырыптық алаң өткiзiлдi.

Тақырыптық алаңға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық және облыстардың бiлiм басқармаларының мектепке дейiнгi бiлiм беру саласының жауапты мамандары, облыстық әдiстемелiк орталықтардың әдiскерлерi, мектепке дейiнгi ұйымдардың басшылары, әдiскерлерi және тәрбиешiлерi, жоғары оқу орындарының және колледждердiң оқытушылары, ЮНИСЕФ, Ақпараттық-талдау орталығының, «Өрлеу» бiлiктiлiктi арттыру ұлттық орталығы» АҚ, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысты, барлығы 153 педагог.

Жұмыс барысында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң өзектi мәселелерi:

— 2019-2020 оқу жылына арналған мектепке дейiнгi ұйымдардың бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерi;

— мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне енгiзiлген өзгерiстер;

— ұсынылатын бiлiм беру қызметiнiң сапасын арттыру және т.б. талқыланды.

Тақырыптық алаңның аясында мектепке дейiнгi ұйымның жылдық жоспарының моделi ұсынылды.

Сондай-ақ, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесi педагогтерiнiң озық жұмыс тәжiрибесiнен шеберлiк сыныптары өткiзiлдi. «Интеллектум» дамыту орталығы, «Kazdidac» ассоциациясы; «Жаңа жол» АстанаПрофиКонсалтинг бiлiм беру орталығы көрме материалдарын ұсынады.

Еркiн микрофон тақырыптық алаң қатысушыларына пiкiр алмасуға, өз тiлектерi мен ұсыныстарын енгiзуге мүмкiндiк бердi.

Тақырыптық алаң жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Яндекс.Метрика