+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

22.06.2020Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң жас мамандарының «Мамандығым — мақтанышым» атты конкурсының қорытындысы туралы ақпарат

22.06.2020 ж.
Нұр-Сұлтан қ.

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айында сырттай мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту жүйесiнiң жас мамандарының «Мамандығым — мақтанышым» атты конкурсы өткiзiлдi.

Мақсаты: педагог мамандығының мәртебесiн көтеру және интеллектуалды даму деңгейi жоғары талантты, шығармашылықпен жұмыс iстейтiн жас педагогтердi анықтау. Қазiргi заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, ғылыми-әдiстемелiк ақпаратқа және рухани-адамгершiлiк мәдениетке ие.

Байқаудың ұйымдастырушылар «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы, жергiлiктi атқарушы органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың бiлiм басқармалары, мектепке дейiнгi ұйымдар.

Конкурсқа жұмыс өтiлi 5 (бес) жылдан аспайтын мектепке дейiнгi ұйымдардың жас мамандары (педагог-психологтар, логопедтер, музыкалық жетекшiлер, дене шынықтыру нұсқаушылары және т.б.) қатысты.

Республикалық кезеңнiң конкурстық комиссиясының қарауына Бiлiм басқармаларымен ұсынылды:

  • педагог туралы жалпы мәлiметтер, фотографиясы, тақырыбы және өз бiлiмiн жетiлдiру бойынша жұмыс жоспары, бiлiктiлiгiн арттыру туралы куәлiктерi мен сертификаттары, педагог пен оның тәрбиеленушiлерiнiң жетiстiктерi (грамоталар, алғыстар және т.б.) бар электрондық портфолио;
  • «Мамандығым-мақтанышым» атты эссе;
  • бейнематериал, оған тақырыпты қолдану және ұйымдастырылған оқу iс-әрекетiнiң инновациялық әдiстерi мен технологияларын қолдану, балалармен жеке жұмыс, балалардың өз бетiмен жұмыс iстеу, серуендеу, ата-аналармен жұмыс iстеу және т. б. тәжiрибесiнен үзiндiлер кiредi.

Байқау жұмыстарының орындалу деңгейi 3 балдық жүйе бойынша бағаланды.

Байқауға Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңiмпаздар:

Гран-при

  • Саламатова Гүлдана Өмiрбекқызы — «Н.Назарбаев бiлiм қоры» қоғамдық қорының филиалы Атырау қаласындағы «Мирас» бөбекжай балабақшасының тәрбиешiсi.

I орын:

  • Сулейманова Әсел Асылханқызы — Жамбыл облысы, Тараз қаласы №28 бөбекжай-бақшасының тәрбиешiсi.

II орын:

  • Амантайқызы Фариза — Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, № 11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешiсi;
  • Сейлханова Ақнұр Талғатқызы — Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 8 «Алтын сақа» балабақшасының тәрбиешiсi.

III орын:

  • Абуханова Асел Қонысбекқызы — Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 7 «Шұғыла» бөбекжай-бақшасының педагог-логопедi.

«Шығармашыл жас маман» номинациясына Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №13 «Балдырған» бөбекжайының педагог-психологi Оспанова Дина Берiкболқызы ие болды.

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң «Мамандығым — мақтанышым» жас мамандар конкурсының нәтижелерi «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының www.irrd.kz ресми сайтында жарияланады.

Яндекс.Метрика