+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

30.06.2020«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагог кадрларын даярлау мәселелеріндегі мемлекеттік білім беру саясатының жаңа тәсілдері» атты педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша конкурстың (сырттай) қорытындылары туралы ақпарат

30.06.2020 ж. Нұр-Сұлтан қ.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айында сырттай «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагог кадрларын даярлау мәселелеріндегі мемлекеттік білім беру саясатының жаңа тәсілдері» атты педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша презентациялық конкурс өткізілді.

Мақсаты: АКТ қолдануда педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру.

Конкурстың ұйымдастырушылары «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, тиісті деңгейлегі жергілікті атқарушы органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың білім беру басқармалары, мектепке дейінгі ұйымдар.

Конкурсқа жұмыс өтілі 5 (бес) жыл және одан жоғары мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.

Республикалық кезеңнің Конкурстық комиссиясының қарауына Білім басқармаларынан ұсынылды:

  • ілеспе хаттар;
  • қатысу үшін өтінімдер;
  • Конкурс қорытындысы бойынша мәтіндік ақпарат немесе хаттамалар;
  • Power Point бағдарламасында (Мультимедиялық презентациялар) электронды иллюстрациялық қосымшада орындалған конкурстық жұмыстар.

Конкурс жұмыстарының орындалу деңгейі 5 балдық жүйе бойынша келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • әдістемелік құндылығы (1 балл) — білім беру бағдарламаларының мазмұны, тәрбие және оқыту әдістерінің тиімділігі;
  • дидактикалық құндылық (1 балл) — жаңа технологияларды қолдану, дидактикалық ойындардың тәрбиелік маңызы;
  • практикалық маңыздылығы (2 балл) — ұсынылған әзірлеменің өзектілігі, орфографиялық және нақты қателердің болмауы;
  • технологиялылығы (5 балл) — слайдтарды безендіру стилінің бірлігі, слайдтың толымдылығы, анимациялық және дыбыстық әсерлерді қолдану тиімділігі, слайдтың ақпараттылығы.

Конкурсқа 14 жұмыс ұсынылды.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

І орын:

  • Шалтакова Эльмира Жумажановна — «Н. Назарбаев білім беру қорының» қоғамдық қоры филиалының «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі, Атырау қаласы.
  • Камалова Жұлдыз Сақитжанқызы — Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №18 «Мереке» балабақшасының тәрбиешісі.

ІІ орын:

  • Боровикова Евгения Александровна — Павлодар қаласының №51 сәбилер бақшасының тәрбиешісі;
  • Мубаракова Шұга Базаровна — Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №4 «Березка» балабақшасының тәрбиешісі.
  • Коршунова Елена Юрьевна — Қостанай қаласының №51 бөбекжай-бақшасының музыкалық жетекшісі
  • Дәулетиярова Дина Ғалымқызы — Атырау қаласы, №15 «Балбөбек» бөбекжай -бақшасының музыкалық жетекшісі

ІІІ орын:

  • Тлеубердинова Салтанат Койшыбековна — Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі;
  • Аймагамбетова Анастасия Германовна — Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, №5 «Сәуле» балабақшасының тәрбиешісі

Алғыс хаттардың иегерлері:

  • Микерина Галина Николаевна — Павлодар облысы, Ақсу қаласының №20 сәбилер бақшасының тәрбиешісі;
  • Берникова Наталья Викторовна — Павлодар қаласының №31 сәбилер бақшасының тәрбиешісі;
  • Орлова Ирина Евгеньевна — Павлодар қаласының №31 сәбилер бақшасының тәрбиешісі.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагог кадрларын даярлау мәселелеріндегі мемлекеттік білім беру саясатының жаңа тәсілдері» педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша презентациялар конкурсының нәтижелері «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының www.irrd.kz ресми сайтында орналастырылатын болады.

Яндекс.Метрика