+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

15.12.2022«Мектепке дейінгі үздік ұйым — 2022» байқауының республикалық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

ҚР ОАМ Балаларды ерте дамыту институтының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қараша айында «Мектепке дейінгі үздік ұйым — 2022» байқауының республикалық кезеңі ұйымдастырылып өткізілді.

Байқау мақсаты: мектепке дейінгі білім берудің үздік үлгілерін анықтау және жариялау, мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжымдарын қолдау және ынталандыру.

Байқау комиссияның құрамына ҚР ОАМ БЕДИ-ның мамандары, ғалымдар, мектепке дейінгі ұйым басшылары мен әдіскерлері, әдістемелік қызметтердің, БАҚ, ҮЕҰ өкілдері кірді.

Байқау ағымдағы жылдың қаңтар – қараша айлары аралығында төмендегі негізгі блоктардан тұратын үш кезеңде өтті:

  • мектепке дейінгі ұйым сайтының қызметін зерделеу;
  • «Мектепке дейінгі ұйым қызметінің сапасын бағалау» ата-аналар сауалнамасы (сауалнамаға сілтеме республикалық кезеңге қатысушы жеңімпаз анықталғаннан кейін берілді).

Конкурсқа қатысушылар келесі айдарлардан тұратын «Мектепке дейінгі үздік ұйым — 2022» деген атаумен орналастырылған сайттардың белсенді мекенжайларын ұсынды:

  1. Үздік эргономикалық шешімдер
  2. «Ойын арқылы оқыту» — біздің тәжірибе
  3. «Орта –үшінші педагог»
  4. Біздің балабақшаның инновациялық іс-әрекеті
  5. Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе
  6. Мерекелер және ойын-сауық
  7. Кері байланыс – өзгерістер тынысы (МДҰ даму жоспары).

Бұл ретте мектепке дейінгі ұйым материалдарды орналастыру форматын өздігінен таңдайды.

Байқаудың республикалық кезеңіне 14 өңірден 15 өтінім келіп түсті. Қатыспағандар: Абай, Жетісу, Павлодар, Ұлытау, Түркістан облыстары және Астана қаласы.

Өңірлер атауы

Мектепке дейінгі ұйым

Басшының

аты-жөні

  1.  

Ақмола

Көкшетау қ. «Нұр бала» бөбекжайы

Айжарыкова Алданыш Жиенбековна

  1.  

Ақтөбе

Қобда ауданының «Нұрлы болашақ» балабақшасы

Ертлеуова Жумазия Сайлауовна

  1.  

Алматы

Қонаев қаласының «Ақдидар» балабақшасы

Сасенова Наркес Армияновна

  1.  

«Балаларды оқыту және тәрбиелеу орталығы «Еркем-ай Алматы» ЖШС

Төлегенова Рената Төлегенқызы

  1.  

Атырау

Индер ауданының «Айналайын» бөбекжай-бақшасы

Жанғали Светлана Жәрдемқызы

  1.  

ШҚО

Өскемен қаласының «Нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешені» КММ

Тусупова Динара Михайловна

  1.  

Жамбыл

Тараз қ. «№33 «Айсәуле» бөбекжай – бақшасы

Мамбетова Нурзада Усеновна

  1.  

БҚО

Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайы»

Сарсенова Айнур Сериковна, директордың у.м.а.

  1.  

Қарағанды

Шахтинск қаласының «Ботагөз» бөбекжайы

Иванова Тамара Анатольевна

 10.

Қызылорда

Қызылорда қаласының «Бегім ана» бөбекжай бақшасы

Муханбеткалиева Жанат

11. 

Қостанай

Рудный қаласының №12 балалар бақшасы

Ишбулатова Людмила Васильевна

12. 

Маңғыстау

Жаңаөзен қ. «№18 «Мереке» бөбекжайы»

Махашева Тілек Елубаевна

13. 

СҚО

Ақжар ауданының «Балапан» балалар бөбекжай-бақшасы

Нурмаганова Кунсулу Аманжоловна

 14.

Алматы қ.

Алматы қаласының «№ 187 бөбекжай-балабақшасы

Омарбекова Фарида Кызыркановна

15. 

Шымкент қ.

Шымкент қаласының №56 «Тұлпар» бөбекжай-бақшасы

Абдыханова Джамиля Уалихановна

«Мектепке дейінгі үздік ұйым – 2022» байқауының республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын

  • Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, «Бегім ана» бөбекжай бақшасы» КМҚК http://33-taraz.balabaqshasy.kz/.

ІІ орын

  • Алматы облысы, «Еркем-Ай Алматы» балалар тәрбие-білім беру орталығы ЖШС https://erkem-ai.kz/;
  • Алматы қаласы №187 бөбекжай-балабақшасы КМҚМ http://187.almatybala.kz/.

ІІІ орын

  • Жамбыл облысы, Тараз қаласы №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасы МКҚК http://33-taraz.balabaqshasy.kz/;
  • Ақтөбе облысы, Қобда ауданы «Нұрлы болашақ» балабақшасы МКҚК http://nurly-bolashak-khobda.edu.kz/kk;
  • ШҚО Өскемен қаласы «Нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешені КММ https://shds14.kz/.

Номинация иегерлері:

«Еңбекқор балабақша» — Алматы облысы, Қонаев қаласы «Ақдидар» балабақшасы МКҚК https://akdidar-konaev.kz/kz ;

«Патриоттар мекені» — Қарағанды облысы Шахтинск қаласы, «Ботагоз» бөбекжай-бақшасы МКҚК https://botagoz-shahtinsk.kz/ru/luchshaya-doshkolnaya-organizatsiya-2022/luchshie-ergonomicheskie-resheniya.html# ;

«Мейірімді ұйым» — Қостанай облысы, Рудный қаласы, №12» балабақша МКҚК http://rudsad12.kz/;

«Өнерлі балабақша» — Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасы МКҚК

https://sad-baiterek.terekti.edugov.kz/kz/?site_alias=sad-baiterek.

«Мектепке дейінгі үздік ұйым – 2022» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары Институттың дипломдары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

Байқаудың қорытындысы мен жеңімпаздардың материалдары институттың www.irrd.kz сайтында және әлеуметтік желілерінің беттерінде орналастырылды.

Яндекс.Метрика