+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

27.09.2022Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында балалар және олардың ата-аналарының қатысуымен «Менің отбасым» атты ана тіліндегі шығармашылық байқауын өткізу туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ жоспарына сәйкес 2022 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында балалар және олардың ата-аналарының қатысуымен «Менің отбасым» атты ана тіліндегі шығармашылық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: шығармашылық  жұмысқа   тарту және Қазақстан Республикасында тұратын     халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыруға ықпал ету.

Байқау меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында балалар және олардың ата-аналарының қатысуымен өткізілді.

Байқаудың қатысушылары: облыстық, қалалық (Астана, Алматы және Шымкент) кезеңнің жеңімпаздары.

Конкурстың республикалық кезеңіне Білім басқармалары 12 өңірден ІІ кезең жеңімпаздарының 28 бейнематериалдарын ұсынды.

«Менің отбасым» байқауын ұйымдастыру және өткізу деңгейі 3 балдық жүйе бойынша келесі критерийлер бойынша бағаланды:

- таңдалған материалдың байқау тақырыбына сәйкестігі;

- таңдалған материалдың қатысушының жасына сәйкестігі; - шығарманың атауын жариялай білу;

- орындалатын шығармаға өз көзқарасын интонация, ым-ишара, мимика арқылы жеткізе білу;

- мәтінді білу және дұрыс айту; - сыртқы келбетінің сәйкестігі; - бейне сапасы.

Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында балалар және олардың ата-аналарының қатысуымен «Менің отбасым» атты ана тіліндегі шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

 

«Үздік жеке мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:

- Жетісу облысы, Ескелді ауданы «Балапан» бөбекжай-бақшасы; https://youtu.be/W77nqQqttbc

- Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы «Ғарышкер» бөбекжайы; https://youtu.be/f0aG32uQtCI

- Павлодар облысы, Ақсу қаласының №18 сәбилер бақшасы; https://youtu.be/V2CPKRG9ABs

- СҚО, «Корнеев гимназиясы» КММ жанындағы шағын орталық; https://youtube.com/shorts/zCOkjl0TYwA?feature=share

- Шымкент қаласы №49 «Жасұлан» бөбекжай-бақшасы; https://youtu.be/gt0KvmCdHXY

- Шымкент қаласы №60 «Тараз» бөбекжай-бақшасы https://youtu.be/5ifodQDWL0M.

«Үздік отбасылық өнер көрсету» номинациясы бойынша:

- Атырау облысы, Исатай ауданы «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы; https://youtu.be/66fEU3iUets

- Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы «Бәйтерек» бөбекжайы; https://youtu.be/YWgEMwsqumo

- Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы «Бәйтерек» бөбекжайы; https://youtu.be/nL_rB2-MnuE

- СҚО, «Долматов негізгі мектебі» КММ жанындағы «Солнышко» шағын орталығы; https://youtu.be/9jVZaCwDZV8

- Алматы қаласы №13 арнайы бөбекжай-балабақшасы; https://youtu.be/F90vqOtvqIs

- Астана қаласы №18 «Аяжан» балабақшасы; https://youtu.be/6VxQQ1TPKTI

- Астана қаласы №85 «Мейіржан» балабақшасы; https://youtu.be/NtxFCZW1v3E

- Шымкент қаласы №62 «Ботақан» бөбекжай-бақшасы https://youtu.be/-HjzvsSD5CA.

 

«Көркем орындау шеберлігі» номинациясы бойынша:

- Атырау облысы, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қорының филиалы «Мирас» бөбекжай- бақшасы; https://youtu.be/Tmpq-vQijaQ

- Қарағанды облысы, Абай ауданының «Балбөбек» бөбекжай- балабақшасы; https://youtu.be/9BqxfehkP90

- Павлодар облысы, Екібастұз қаласы «Дене шынықтыру-сауықтыру үлгісіндегі № 18 сәбилер бақшасы; https://youtu.be/XhFpb7-NRh8

- Алматы қаласы №149 бөбекжай-балабақшасы https://youtu.be/JOJK0T2ErjA.

 

«Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша:

- Ақтөбе қаласы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы; https://youtu.be/41KjEcPxH4k

- Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасы; https://youtu.be/3A0xHqaHJRE

- Қарағанды облысы, Теміртау қаласының «Ақтілек» бөбекжай-балабақшасы https://youtu.be/A92HZpbW4Ik.

 

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы бойынша:

- Атырау облысы, Исатай ауданының «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы; https://youtu.be/BHejUvPTFLA

- Астана қаласы №69 «Еркем-ай» балабақшасы; https://youtu.be/-nMJetKVRMY

- Түркістан облысы, Ордабасы ауданының «Шолпан» бөбекжай-балабақшасы https://youtu.be/rHr5WaT2ZIw.

Байқау жүлдегерлері Балаларды ерте дамыту институтының дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазақстан халқының Тілдері күні қарсаңында балалар және олардың ата-аналарының қатысуымен «Менің отбасым» байқауының нәтижелері туралы ақпарат Институттың www.irrd.kz сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Яндекс.Метрика