+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

28.06.2019«Әлем балалар көзімен» атты балалардың асфальтқа сурет салу (сырттай) республикалық байқауын өткізу қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ жоспарына сәйкес 2019 жылғы 26 маусымда «Әлем балалар көзімен» атты балалардың асфальтқа сурет салу (сырттай) республикалық байқауы өткізілді.

Байқау мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, сурет салу арқылы өз сезімдерін білдіруге қызығушылықтарын арттыру.

Байқауға меншік нысанына, тәрбиелеу мен оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардағы ересек топ балалар қатысты.

Байқау үш кезеңде өткізілді: 1 — аудандық (қалалық); 2 — облыстық; 3 — республикалық. Байқау қатысушылары облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

Байқауға 66 жұмыс ұсынылды. Байқаудың республикалық кезеңіне қатысу үшін Орталыққа жеңімпаздардың жұмыстарын білім басқармалары жолдады.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу деңгейі келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • суреттің тақырыпқа сәйкестігі;
  • ойы мен композицияның ерекшелігі;
  • түстердің сәйкестігі;
  • орындау сапасы.

Байқау жеңімпаздары:

I орын — Көркем Жәрдемқызы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы;

Нұрым Қаныбек, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, «Нұрбалапан» бөбекжайы;

Жасұланұлы Бибарыс, Қызылорда қаласы , «Ер Тарғын» балабақшасы;

II орын — Афина Гуляева, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 1 «Ромашка» дамыту орталығы бөбектер бақшасы;

Даулетбай Аңсар, Алматы қаласы, №115 бөбекжай-балабақшасы;

Азбаева Айназ, Алматы облысы, Қаратал ауданы, «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы;

Жанерке Силақан, Маңғыстау облысы, Жанаөзен қаласы, № 18 «Мереке» бөбекжай-бақшасы;

Асанали Сериков, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 21 «Кішкентай данышпандар» ресурстық орталық» бөбектер бақшасы;

III орын — Нұрхан Малик, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, № 1 «Күншуақ»бөбекжай-балабақшасы;

Айша Карибай, Жамбыл облысы, № 30 «Назерке» бөбекжай-бақшасы;

Вероника Холоша, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы;

Бекасылов Бек Али, Алматы қаласы, № 69 бөбекжай-балабақшасы.

Алғыс хат иегерлері:

«Ең үздік безендіру» номинациясы:

  • Ақерке Амантай, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы, «Күншуақ» балабақшасы;
  • Жанайым Жанұзақ, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы, «Балауса» балабақшасы;
  • Амели Казихан, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, № 7 ясли-бақшасы;
  • Алдияр Шайхуллаев, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №1 «Айгөлек» бөбекжайы;
  • Жумабаев Санжар, Қостанай қаласы;
  • Мансұр Сакит, Қызылорда облысы, Белкөл кенті, «Балапан» балабақшасы;

 «Суреттің айқындығы» номинациясы:

  • Бексұлтан Жақсыбек, Алматы қаласы, № 115 бөбекжай-балабақшасы;
  • Алиса Ягода — Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 1 «Ромашка» дамыту орталығы бөбектер бақшасы;
  • Айзада Бағдат, Атырау облысы;
  • Аделя Сапарғали, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, № 30 «Назерке» бөбекжай-бақшасы;
  • Алексей Романов, Қостанай облысы, Лисаковск қаласы;
  • Айжан Мендібаева, Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» балабақшасы;

«Суреттің ерекшелігі» номинациясы:

  • Елена Тимофеева, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы «Бүлдіршін» бөбекжайы;
  • Екатерина Ильюшонок, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, «Айгөлек» балабақшасы;
  • Марина Кичигина, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, № 39 «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы;
  • Инабат Жангелдиева, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы «Бәйтерек» бөбекжайы;
  • Айша Керимбек, Алматы қаласы, № 115 бөбекжай-балабақшасы;

«Бірге сурет саламыз» номинациясы:

  • Ізтілеу Әділет, Кеңес Ажар, Алматы қаласы, № 69 бөбекжай-балабақшасы;
  • Аяжан Абибулла, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, № 28 бөбекжай-бақшасы;
  • Асан Алина, Берік Бектас, Жаналі Баян, Тохтасунов Арген — Алматы қаласы, № 104 бөбекжай-балабақшасы;
  • Раушан Сейтқазиева, Гүлсезім Бекболат, Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» балабақшасы.

Байқаудың қорытындысы туралы ақпрарат «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталықтың www.irrd.kz ресми сайтына орналастырылды.

Яндекс.Метрика