+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

11.10.2021«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық конкурсын ұйымдастырып өткізді.

Конкурс мақсаты: мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсібі туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру, қоғамда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің басымдықтары мен беделін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру.

Конкурс үш кезеңде өткізілді:

  • 1 - аудандық (қалалық);
  • 2 - облыстық;
  • 3 - республикалық.

Конкурстық комиссия құрамына ұйымдардың басшылары, жоғары білікті педагогтер, Білім басқармаларының (бөлімдерінің) мамандары, Орталықтардың мектепке дейінгі білім беруге жетекшілік ететін әдіскерлері, ата-аналар қауымдастығының өкілдері және т. б. кірді. Конкурсқа мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің жұмыс өтілі мен жасына шектеу қойылмай, келесі номинациялар бойынша:

- «Педагогикалық дебют» - педагогикалық жұмыс өтілі 0-ден 3 жылға дейін;

- «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі» -педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

- «Мектепке дейінгі ұйым маманы» (педагог-психологтерді қоспағанда) - педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес педагог қызметкерлер қатысты.

Конкурсқа қатысушыларға шығармашылық презентациясының берілген тақырыбының әдістемелік және практикалық негізін ашу ұсынылды. Келесі конкурс тапсырмасы бойынша шығармашылық презентацияда– балалармен өткізілетін педагогикалық іс-шара ережесі (сұрақ, кезең) көрсетілді.

«Балалармен педагогикалық іс–шара өткізу» - бейнеролик балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруге бағытталуы тиіс болды. Конкурсқа қатысушы балалармен өткізілген педагогикалық іс-шарада шығармашылық презентацияда ұсынылған практикалық тәжірибесінен үзінді көрсетті.

Республикалық кезеңге конкурс ережесінің талаптарына сәйкес іріктеуден өткен, 15 өңірден облыстық турдың 25 жеңімпазының материалдары келіп түсті.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі» номинациясында келесі нәтижелер анықталды:

Гран-При – Кенжебаева Айымгул Рыскалиевна, Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі. https://youtu.be/FcG9tdi3F98

I орын

– Шабдалиева Анель Мукиевна, Алматы облысы, Қаратал ауданы, «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі; https://youtu.be/2qqTGwxQOeE

– Курманалиева Нургул Махамбетжановна, Қызылорда қаласы, «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі; https://youtu.be/KCkr0PTHWVk

II орын

– Панасевич Елена Васильевна, Қостанай облысы, Рудный қаласы, №12 балабақшасының тәрбиешісі; https://youtu.be/Nv9biMrRz6Q

– Бримжанова Айслу Маратовна, Солтүстік-Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі; https://youtu.be/FUByN6ne77Y

– Дьяконова Оксана Анатольевна, Қарағанды облысы, Сарань қаласы, «Бахыт» мектеп-бөбекжай бақшасы кешені тәрбиешісі; https://youtu.be/JF7kFfNpgJI

III орын

– Шаханова Карлыгаш Адилхановна, Ақмола облысы, Қосшы қаласы, «Алтын дән» балабақшасының тәрбиешісі; https://youtu.be/DdqxrRp0auU

– Ващинская Наталья Борисовна, Алматы қаласы, №56 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі; https://youtu.be/kh9HtexxWmo

– Ақбасова Балнұр Елдосқызы, Жамбыл облысы, Мерке ауданы, «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

«Мектепке дейінгі ұйым маманы» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

I орын

– Шульденова Мейрамгуль Нуржигитовна, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №49 «Думан» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі https://youtu.be/PTy38IQqbGk

II орын

- Сағидуллақызы Жанна, Қызылорда қаласы, «Алпамыс» бөбекжай-бақшасының педагог-логопед; https://youtu.be/WH8WvrpxXis

- Кузурман Людмила Владимировна, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, «Моншақ» бөбекжай-бақшасының қосымша білім беру педагогі. https://youtu.be/vcfvU3zWhzg

III орын

- Сидорова Татьяна Викторовна, Қарағанды облысы, Сарань қаласы, «Малыш» бөбекжай-бақшасының ағылшын тілі педагогі; https://youtu.be/yCyrPJss6K8

- Макульбекова Гульжайнат Аманжолқызы, Павлодар қаласы, №42 мектепке дейінгі гимназия қазақ тілі педагогі; https://youtu.be/MBhD40Uhv_E

«Педагогикалық дебют» номинациясына 3 жас маман қатысып, орындар келесідей анықталды:

II орын

- Есентаева Мадина Бауржановна, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы «Радуга» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі. https://youtu.be/LQgMPHkNxIg

III орын

- Тулешова Ұлболсын Қалиматқызы, Орал қаласы, №7 «Айналайын» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі. https://youtu.be/BLWUUBaAb3w

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы келесі конкурсқа қатысушыларды алғыс хаттармен атап өтеді:

– Қасанғалиева Айгүл Қинешқызы,   Атырау облысы, Исатай ауданы, Жамбыл атындағы бастауыш мектеп жанындағы шағын-орталығының тәрбиешісі;

– Тохтарова Асем Турсынбаевна, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, №100 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

- Ушета Валентина Ивановна, Қостанай облысы, Лисаковск қаласы, «Улыбка» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

- Сагындыкову Гульсим Сагындыковну, Қызылорда қаласы, «Алтын ұя» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі;

- Нурахметова Альмира Сапарбайкызы, Павлодар қаласы, №6 мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі;

- Кузьгова Зарина Жабраиловна, Павлодар қаласы, № 29 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

- Молданова Сәбинұр Ерзатханқызы, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, «Шапағат» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

- Жаньярова Гульдана Ериковна, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, «Болашақ» бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі;

- Куланова Куралай Кадировна, Нұр-Сұлтан қаласы, №61 «Шолпан» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы ;

- Бердигалиева Гаухар Сейтболатовна, Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Нұрдәулет» бөбекжай-бақшасының педагогі.

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары Орталықтың дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталады. Жеңімпаздардың конкурсқа ұсынған материалдары мен қорытындылары Орталықтың www.irrd.kz  сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Яндекс.Метрика