+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

29.04.2021«Оқу жоспарының вариативтiк бөлiгiне арналған үздiк авторлық бағдарлама» республикалық конкурстың қорытындылары туралы ақпарат

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың сәуiр айында республиканың мектепке дейiнгi ұйымдарының педагогтерi арасында «Оқу жоспарының вариативтiк бөлiгiне арналған үздiк авторлық бағдарлама» конкурсы ұйымдастырылып өткiзiлдi.

Конкурстың мақсаты: республикадағы мектепке дейiнгi ұйым педагогтерiнiң үздiк авторлық, вариативтiк бағдарламаларын анықтау.

Байқау үш кезеңде өткiзiлдi:

1-шi — аудандық (қалалық);

2-шi — облыстық;

3-шi — республикалық.

Конкурстық комиссия құрамына ұйымдардың басшылары, жоғары бiлiктi педагогтер, бiлiм басқармалары мен әдiстемелiк орталықтардың әдiскерлерi кiрдi.

Конкурсқа қатысушыларға мынадай талаптар қойылды:

  • еңбек өтiлi 3 жылдан кем емес;
  • бағдарлама мектепке дейiнгi ұйымда апробациядан өтiп, педагогикалық кеңесте бекiтiлуi тиiс;
  • мектепке дейiнгi бiлiм беру бағдарламаларының мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптарға және авторлық бағдарламаға қойылатын негiзгi талаптарға сәйкес болуы керек.

Бағдарламаларды бағалау келесi критерийлер бойынша жүргiзiлдi:

  • бағдарлама басқа бағдарламалардың мазмұнын қайталамауы тиiс;
  • материалдардың практикалық және ғылыми бағдар ұстанымдарына, тәрбиеленушiлердiң жас ерекшелiктерiне сәйкестiгi:
  • өзектiлiгi мен келешектегi бағыты;
  • бағдарламаның барлық құрылымдық элементтерiнiң өзара байланысы;
  • инновациялылығы;
  • мақсаты, практикалық маңыздылығы;
  • мазмұнның толық болуы;
  • жүйелiлiгi;
  • бағдарламалық материалдың дамытушылық сипаты;
  • нәтижесi;
  • ұсынылған ақпараттың мәтiнмен берiлуi;
  • заманауи талаптарға сәйкес орналастырылған материалдардың бiлiм берудегi және әдiстемелiк құндылығы;
  • бағдарламаны рәсiмдеу мәдениетi.

Конкурстың республикалық кезеңiне 17 өңiрден 53 бағдарлама келiп түстi, Конкурс ережесiнiң талаптарына сәйкес 15 бағдарлама iрiктеуден өттi.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесi нәтижелер анықталды:

Бас жүлде — Муханбеткалиева Ж., «Балабақшадағы мультстудия» бағдарламасы («Сыр жұлдызы» бөбекжай-бақшасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы);

I орын — Габдуллина Б.М., мектеп жасына дейiнгi балаларды экологиялық тәрбиелеу бойынша «Жер — бiздiң ортақ үйiмiз» бағдарламасы («СҚО әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ «Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ маманы);

II орын — Байгалым С., «Жас зерттеушiлер» бағдарламасы («Сандуғаш» бөбекжайы, Алматы облысы, Қарасай ауданы);

II орын — Утебалиева А.Ш., Садырова Ш.Ф., «Шаңырақ» бағдарламасы (Атырау облысы, Атырау қаласы, «Андерсен» жекеменшiк балабақшасы);

III орын — Қаиржанқызы Ә., Нуралина Н. «Кiшкентай зерттеушi» бағдарламасы (Ақтөбе облысы, № 13 «Бөбек» балабақшасы);

III орын — Рабаева Р., «Мұражайлық педагогика арқылы патриоттық тәрбие беру» бағдарламасы (Орал қаласы, БҚО, №6 «Шолпан» бөбекжайы).

Авторлық вариативтiк бағдарламаларды iске асырудағы нәтижелi жұмысы үшiн «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы конкурсқа қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттайды:

  • Дурбаева С.К., Адылгазинова Г.Х., Кожанова Г.Т., Өмиртаева А.А., «Тұмар» бағдарламасы (№11 «Ертөстiк» балабақшасы, Семей Қ., ШҚО);
  • Коваленко О.В., «Формирование представлений о цвете у дошкольников 4-5 лет» бағдарламасы (Ақтөбе облысы, Мартук ауданы, №1 «Тополек» бөбекжайы)
  • Безина Т.В., Столяренко О.В., Кваша В.А., «Хочу все знать» бағдарламасы (Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Солнышко Тараза» балабақшасы;
  • Жичина Е.М., Яковлева М.Г., 5-6 жастағы балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Ребенок и экономика» бағдарламасы (Қарағанды облысы);
  • Мукашбекова С.С., «Табиғат әлемi» бағдарламасы (Қарағанды облысы);
  • Кереева З.Ш., «Дизайн в детском саду» бағдарламасы (Атырау облысы);
  • Трегубская Е.В., «Лаборатория профессора Почемучкина» бағдарламасы (Қостанай облысы, Рудный қаласы №12 балабақшасы);
  • Шекеева В.Б. «Бестемше», «Тоғызқұмалақ-ұлттық ойындар әлiппесi» бағдарламасы (Павлодар қаласы);
  • Асанбаева А.А., «Бес тас» бағдарламасы (Алматы қаласы).

«Оқу жоспарының вариативтiк бөлiгiне арналған үздiк авторлық бағдарлама» байқауының республикалық кезеңiнiң жеңiмпаздары «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталатын болады. Жеңiмпаздардың конкурсқа ұсынылған материалдары және конкурстың қорытындылары Орталықтың www.irrd.kz сайтында және әлеуметтiк желiлерде жарияланатын болады.

Яндекс.Метрика