+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

30.06.2020ЮНИСЕФ, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтау орталығының санитарлық бақылау және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы басшылығының бiрлескен тақырыбы: «Карантин және карантиннен кейiнгi кезеңде мектепке дейiнгi ұйымдар мен балабақшалардың жұмысын қайта бастау: басты хабарлама мен әрекеттер» on-Iinе режимiндегi республикалық семинардың материалдары

Қазiргi уақыттағы орын алып отырған қауiптi коронавирус (COVID-19) инфекциясына жол бермеу, мектепке дейiнгi ұйымдарда алдын-алу шараларын ұйымдастырып, карантиннен кейiнгi кезеңде сақтықты күшейту туралы ақпаратты түсiндiру мақсатында: 2020 жылдың 30 маусымы мен 3 шiлдесi аралығында ЮНИСЕФ, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтау орталығының санитарлық бақылау және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы басшылығының бiрлескен тақырыбы: «Карантин және карантиннен кейiнгi кезеңде мектепке дейiнгi ұйымдар мен балабақшалардың жұмысын қайта бастау: басты хабарлама мен әрекеттер» on-Iinе режимiндегi республикалық семинар өтетiнiн хабарлайды.

Онлайн-семинардың мақсаты — мектепке дейiнгi ұйымдар мен балабақшалардың басшылары мен медициналық қызметкерлерiн балаларды COVID-19 коронавирусының таралуы мен жұқпасынан қорғау жөнiндегi iс-шаралармен таныстыру, олар карантин және карантиннен кейiнгi кезеңдерде жұмысты қайта бастағанда қалпына келтiру ескерiледi.

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайдың мәселелерi, санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға қойылатын нормативтiк талаптар, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерлерiнiң және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi әзiрлеген мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс алгоритмi, ата-аналар мен мектеп жасына дейiнгi балалар мен мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмысын жандандыру бойынша ЮНИСЕФ-тiң және т.б. ұсыныстары тыңдалады және мектепке дейiнгi ұйымдармен медицина қызметкерлерiне кеңестер берiледi. Карантин кезiндегi және карантиннен кейiнгi iс-шараларды ұйымдастыруда өз ойларын айтып сұрақтарына жауап ала алады қатысушылар.

COVID-19 бойынша материалдарды (ZIP 11895 Kb) ЮНИСЕФ, фейсбук, rc-kz сайтына орналастырылды.