+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

28.09.2021Ғылыми iзденiс — сенiмдi болашаққа апарар жол

Ғылыми iзденiс — сенiмдi болашаққа апарар жол«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы «Бiлiм және ғылым жүйесiн жаңғыртудың ғылыми негiздерi» ғылыми-техникалық бағдарламасын iске асыру шеңберiнде мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың даму сапасын бағалау бойынша зерттеу жұмыстарын бастады. Мектепке дейiнгi тәрбие мен бiлiм беру сапасын бағалау арнайы дайындықтан өткен эксперттермен ECERS сапаны бағалаудың халықаралық шкаласын қолдану арқылы жүргiзiлуде.

20-24 қыркүйек аралығында зерттеуге қатысушы эксперттермен бiрге Мәскеу мемлекеттiк педагогикалық университетi (Мәскеу, Ресей) педагогика ғылымдарының кандидаты, ECERS сапаны бағалаудың халықаралық шкаласы бойынша сертификатталған сарапшы Ольга Александровна Шиян жұмыс жасауда.

Ғылыми негiздер ғылыми-техникалық бағдарламасын iске асыру барысында «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы сапаны бағалау және халықаралық ынтымақтастық туралы келiсiмдер жүргiзiп, сапаны бағалау бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың жан-жақты, әрi терең ғылыми зерделенуiне үлкен мән берiп отыр. Қазiргi уақытта бұл жұмысқа Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарының педагогтары мен әдiскерлерi қосылды.

Ғылыми iзденiс — сенiмдi болашаққа апарар жол

Яндекс.Метрика