+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

03.07.2021«Nur Otan» партиясының отырысы өттi

«Nur Otan» партиясының отырысы өттi2021 жылғы 2-шiлдеде «Nur Otan» партиясы жанындағы мектепке дейiнгi Бiлiм және ғылымды дамытуға бағытталған тармақтарының мониторингiсiн жүзеге асыру бойынша маусым айының қорытынды кеңес отырысы мектепке дейiнгi бiлiм берудi дамыту және жаңа 2021-2022 оқу жылына дайындық мәселелерiн қамтыды.

Осы отырыста бiлiм саласының келесi сұрақтары қаралды:

  1. Мектеп алды даярлықтың сапасын камтамасыз ету: бiлiм беру бағдарламалары жане кадрлар туралы;
  2. Жаңа оқу жылында COVID-19 таралу қаупi сақталу жагдайында жане пандемиядан кейiнгi кезеңде окытудың дәстурлi және аралас форматтарына көшудi жедел реттеу тетiгiн әзiрлеу және сапалы ұйымдастыру.

Кеңес отырысына ҚР Бiлiм және ғылым Вице-министрi Ш. Каринова, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының директоры М.Е. Адамова қатысты. Күн тәртiбiндегi мәселеге қатысты баяндама жасалып, депутаттық сауалдарға жауап берiлдi.

Мектепке дейiнгi бiлiм беру саласындағы шешiмдер кеңес отырысының ұсыныстарына енгiзiлдi.

Яндекс.Метрика