+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

24.12.2021«Бiлiм және ғылым жүйесiн дамытудың ғылыми негiздерi» ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Мектепке дейiнгi бiлiм беру сапасын бағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру» онлайн режимiнде өткен өңiрлiк семинар туралы ақпарат

Нұр-Сұлтан қ. 22.12. 2021 ж.

2021 жылы 22 желтоқсанда «Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2021 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес «Мектепке дейiнгi бiлiм беру сапасын бағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру» тақырыбында онлайн режимiндегi өңiрлiк семинар өткiзiлдi.

Семинар жұмысына облыстық, аудандық, қалалық әдiстемелiк кабинеттердiң (орталықтардың) әдiскерлерi, мектепке дейiнгi ұйым басшылары, әдiскерлерi мен педагогтерi қатысты. Республиканың 17 өңiрiнен 7 870-тен астам қатысушы қамтылды.

Өңiрлiк семинарға қатысушылар мектепке дейiнгi ұйымдардағы сапаны кешендi зерттеудiң аралық нәтижелерiмен танысты.

Кiшi шкала мен ECERS-3 көрсеткiштерiне шолу жасалды. ECERS-3 мектепке дейiнгi бiлiм беру сапасын бағалау шкаласы — бұл 35 кiшi шкала топтастырылған 6 индикаторды бағалайтын Ликер шкаласы бар бақылау парақтары: заттық-кеңiстiктiк орта, балаларды қарау және күтiм жасау, сөйлеу және сауаттылық, белсендi iс-әрекет түрлерi, өзара қарым-қатынас, бағдарламаны құрылымдау. Шкаланың 35 көрсеткiшiнде 468 индикатор бар. Олар: физикалық, әлеуметтiк, эмоционалды, танымдық, сонымен қатар балалардың қауiпсiздiгi мен денсаулығын қамтиды. Әрбiр көрсеткiш 7 балдық бағалауды көздейдi: 1 (қанағаттанарлықсыз), 3 (минималды), 5 (жақсы) және 7 (өте жақсы), онда әр деңгейге белгiлi бiр сипаттама берiледi.

Деректердi жинау екi ай iшiнде ECERS-3 шкаласының сегiз сертификатталған әрбiр зерттеушiлерiмен бiрге мемлекеттiк және жеке балабақшаларда, қалада және ауылда/ауданда, қазақ, орыс тiлдерiнде оқытатын топтарда рандомдық таңдау негiзiнде жүргiзiлдi.

Сарапшылар жинаған мәлiметтер Ресейдегi бiлiм сапасын бағалау саласындағы көшбасшылардың бiрi болып табылатын Мәскеу қалалық педагогикалық университетiнiң сарапшы жүйесiнiң көмегiмен талданды. МҚПУ 2014 жылдан бастап Халықаралық әдiстемелердi сынақтан өткiзiп, сапаны тәуелсiз бағалау саласында жұмыс iстей отырып, оларды әртүрлi зерттеулерде қолданады.

Барлық балабақшаның орташа бағасы 2,3 балды құрады (1-сурет), «қанағаттанарлықсыз сапа» көрсеткiшiне сәйкес келедi. Негiзiнен, мектепке дейiнгi ұйымдар 35 көрсеткiш бойынша 3-тен жоғары емес балл алды, бұл қанағаттанарлықсыз сапаға сәйкес келедi.

1-сурет

1-сурет

Сарапшылар семинар қатысушыларымен керi байланыс орнатып, барлық қойылған сұрақтарға жауап бердi.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға педагогикалық тәжiрибенi жетiлдiру үшiн келесi ұсынымдар ұсынылды:

  1. Балаларға өз қызығушылықтары мен таңдау белсендiлiгi сақтауға, ойында бастама көрсету үшiн мүмкiндiк беру, заттық-кеңiстiктiк ортаны жеткiлiктi көлемде және әртүрлi материалдармен байыту қажет.
  2. Күнi бойы еркiн ойын мен белсендiлiкке уақыт бөлу керек қажет.
  3. Сабақтарды ойын түрiнде, шағын топтарда өткiзу керек.
  4. Ұйымдастырылған iс-шаралар күнiне 2 реттен аспауы керек, қалған уақытта тәрбиешiлер таңдау арқылы балалардың бастамасын қолдауы керек.
  5. Педагогтер оқытуды балалар тәжiрибесiмен байланыстыруды және режимдiк сәттер мен серуендердiң бiлiм беру әлеуетiн қолдануды үйренуi керек.
  6. Iрi моторикаға арналған жабдықтың қауiпсiздiгiне назар аудару қажет.
  7. Балабақшаларда үй-жайдың iшiнде қызметкерлерге арналған дәретхана қарастырылуы тиiс.
  8. Бақшаларды балаларға қызықты кiтаптармен толтыру басымдықтардың бiрi болуы керек, сонымен қатар ыңғайлы оқу орындарын (жұмсақ бұрыш) ұйымдастыру керек.
  9. Тәрбиешiлердi балалардың әлеуметтiк-эмоционалды дамуымен жұмыс iстеуге үйрету қажет. Бұл салада қызметкерлердiң бiлiмi жоқ.
  10. Балалардың эмоционалды жайлылығына жағдай жасау, олардың ауызша емес сигналдарына көбiрек көңiл бөлу, ұзақ күтуден артық жұмыс жағдайларын болдырмау.
  11. Балалардың бiр-бiрiмен өзара әрекеттесуiн қолдау үшiн балалар қандай да бiр жобада бiрге жұмыс iстей алатын, ортақ өнiм жасай алатын жағдайлар жасау қажет. Балалармен топтағы ережелердi орнату қажет.
  12. Тәрбиешiлер мен ата-аналарға баланың мүддесi үшiн бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауды үйренуге көмектесу, ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастыру курстар/семинарлар қажет.
  13. Балалардың дене қауiпсiздiгi үшiн бақшалардың iшкi және сыртқы бейнебақылау жүйелерiмен жарақтандырылуын қамтамасыз ету.

Семинар материалдары институт сайтында http://irrd.kz және институт беттерiнде әлеуметтiк желiлерде жарияланды.

Материалы семинара опубликованы на сайте Института http://irrd.kz и на страницах социальных сетей.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ (Адамова М.Е.) (PDF 727 Kb)

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру қызметтерінің сапасын зерттеу (Г.О. Мукушева) (PDF 1004 Kb)

ПОДШКАЛЫ И ПОКАЗАТЕЛИ ШКАЛЫ ECERS – 3 (Тулебаева Г.К) (PDF 237 Kb)

Яндекс.Метрика