+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

07.11.2018«Тәуелсіздік және Елбасы» республикалық (сырттай) балалардың мәнерлеп оқудан байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Ереже «Тәуелсіздік және Елбасы» республикалық (сырттай) мәнерлеп оқудан балалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын анықтайды.
  3. «Тәуелсіздік және Елбасы» байқауы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру аясында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының (бұдан әрі – Орталық) 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
  4. Байқау мақсатымектеп жасына дейінгі балалар бойына көркемсөз арқылы туған еліне мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
  5. Міндеттері:
  • мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері мен сөйлеу белсенділігін жүзеге асыру;
  • өлең оқу кезінде көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
  • ата-аналар қоғамын білім беру әрекетіне тарту.
  1. Ұйымдастыру және шарттары
  2. Байқауды ұйымдастырушылар «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, облыстық, аудандық (қалалық) білім басқармалары болып табылады.
  3. Ұйымдастыру комитеті аудан, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының деңгейінде құрылады.
  4. Байқау үш кезеңде өткізіледі:
  • бірінші кезең – аудандық (қалалық);
  • екінші кезең –облыстық;
  • үшінші кезең – республикалық
  1. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық кезеңінің Бас жүлде иегерлері Байқаудың республикалық кезеңіне жіберіледі.
  2. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының қорытындысы 2018 жылғы 5 желтоқсанда шығарылады.
  3. Байқаудың республикалық кезеңіне қатысушыларды тіркеу үшін білім басқармалары «Мектепке дейінгі балалақ шақ» республикалық орталығына келесі байқау материалдарын тапсыруы тиіс:
  • облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық білім басқармаларының ілеспе хаты;
  • берілген кестеге сәйкес байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша);
  • әр облыстан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан екіден артық емес жеңімпаздардың үздік жұмысы (жеңімпаздардың қатысуымен бейнеролик).
  1. Материалдар «Тәуелсіздік және Елбасы» атауымен
  • rcdd_info@mail.ru электрондық поштасына;
  • Қазпошта арқылы «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығына 010009 Астана қаласы, VIP-қалашық, № 3 коттедж мекенжайы бойынша (DVD-R немесе DVD-RW дисктері) 2018 жылдың 11 желтоқсанына дейін жіберіледі.

Көрсетілген мерзімнен кеш түскен (пошталық штемпель бойынша) материалдар қаралмайды, сондай-ақ қайтарылмайды.

  1. Байқау қатысушылары мен шартына қойылатын талаптар
  2. Байқауға меншік нысанына, тәрбие мен оқытудың тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардағы 3-6 (7) жастағы балалар қатысады.
  3. Байқау барысында ҚР ақындарының жеке туындылары, сондай-ақ шығармалардан үзінді қолдана алады.
  4. Өлең оқу ұзақтығы – 3 минутке дейін. Орындау кезінде музыкалық қолдау, декорациялар, костюмдер қолдануға болады.
  5. Байқауға қатысушы автордың, туындының атауын жариялайды.
  6. Бағалау критерийлері
  7. Орындау деңгейі 3 ұпайлық жүйемен келесі критерийлер бойынша бағаланады:
  • таңдалған материалдың Байқау тақырыбына сәйкестігі;
  • автор мен туынды атауын жариялай білуі;
  • әдеби туындыға интонация, ым, ишара арқылы өз көзқарасын білдіре білуі;
  • шығарма мәтінін білуі және дұрыс айтуы;
  • сыртқы келбетінің сәйкестігі.
  1. Қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау
  2. Келесі жүлделі орындар белгіленеді:
  • Бас жүлде:
  • І орын;
  • ІІ орын;
  • ІІІ орын.
  1. Байқауда ынталандыру номинациялары қарастырылған:
  • «Ең сүйкімді орындаушы»;
  • «Ең шынайы орындаушы»;
  • «Ең көркем орындаушы».
  1. Жеңімпаздар Орталықтың дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталады.
  2. Байқау қорытындысы мен Байқауға ұсынылған материалдар Орталықтың irrd.kz сайтына орналастырылады.

Анықтама үшін телефон: 8 (7172) 28-09-50

 

1-қосымша

 

«Тәуелсіздік және Елбасы» республикалық (сырттай)

балалардың мәнерлеп оқудан байқауына қатысуға

өтінім  

 

Облыс атауы

Мектепке дейінгі ұйымның толық атауы

Қатысушылар туралы мәлімет

Қатысушының аты-жөні

Жасы Туынды авторы, атауы

Жауапты педагогтың аты-жөні

           
Яндекс.Метрика