+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

19.11.2019ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың Үлгiлiк
оқу жоспарының вариативтiк бөлiгiн ұйымдастыру»
өңiрлiк семинарын өткiзу туралы
(Жамбыл, Солтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары)
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылдың 20-22 қараша аралығында Жамбыл, Солтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың Үлгiлiк оқу жоспарының вариативтiк бөлiгiн ұйымдастыру» өңiрлiк семинары өтедi.

Семинар жұмысына Бiлiм басқармасының мамандары, облыстық әдiстемелiк орталықтардың мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бөлiмдерiнiң әдiскерлерi, мемлекеттiк және жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдардың басшылары, әдiскерлерi мен тәрбиешiлерi қатысады.

Семинар барысында мектепке дейiнгi ұйымдарда мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың Үлгiлiк оқу жоспарының вариативтiк компоненттiн iске асыру мәселелерi талқыланады.

Семинарға қатысушыларға пiкiр алмасуға, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың Үлгiлiк оқу жоспарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бойынша өз тiлектерi мен ұсыныстарын енгiзуге мүмкiндiк берiледi.

Аймақтық семинардың қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар өңiрлердiң Бiлiм беру басқармаларына жiберiледi.

Яндекс.Метрика