+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

23.09.2021Педагогтердің, балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Ана тілің – арың бұл» атты өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу челленджі республикалық сырттай байқауының қорытындысы туралы ақпарат

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек айында педагогтердің, балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Ана тілің – арың бұл» атты өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу челленджі республикалық сырттай байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Челлендждің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды көркем сөз арқылы туған елінің тарихына деген мақтаныш, құрмет сезімін тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері мен сөйлеу белсенділігін дамыту;
  • өлең оқу кезінде көркем-сөйлеу орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
  • ата-аналар қауымдастығын білім беру қызметіне тарту;
  • бала тәрбиесінде ата-ана мен педагог арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ету.

Байқауға қатысушыларға мынадай талаптар қойылды:

Байқауға меншік нысанына, тәрбие мен оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың 3 жастан 5(6) жасқа дейінгі балалар қатысады. Челлендж барысында ҚР ақындарының жеке шығармалары, сондай-ақ шығармалардан үзінділер пайдаланылуы мүмкін.

Орындау ұзақтығы — 3 минуттан аспау қажет. Орындау кезінде музыкалық сүйемелдеуді, декорацияны, костюмдерді қолдануға болады.

Қатысушылар шығарманың және автордың атын жариялайды.

Челлендждің республикалық кезеңіне 15 өңірден 40 жұмыс (жеңімпаздардың орындауымен бейнежазба) келіп түсті. Байқау ережесінің талаптарына сәйкес 22 жұмыс іріктеуден өтті.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:

«Талаптың мініп тұлпарын» номинациясы бойынша:

1. Құмар Айсұлтан – «Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры» қоғамдық қорының филиалы «Мирас» бөбекжай-бақшасы, Атырау қаласы;

2. Әнес Заңғар – БҚО, Теректі ауданы, «Бәйтерек» бөбекжайы МКҚК;

3. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы.

«Жеті жұрттың тілін біл» номинациясы бойынша:

1. Печагин Арсений – Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы «Қарлығаш» балабақшасы;

2. Шубаба Данил – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы «Нұр бала» балабақшасы;

3. Гросс Анеля – Павлодар облысы, Ақсу қаласының №18 сәбилер бақшасы КМҚК.

4. Алматы қаласы, КМҚК «№185 бөбекжай-балабақшасы»

«Өнегелі отбасы» номинациясы бойынша:

1. Әшірбек Нұрболаттың отбасы, педагог Сұлтан Дәмдігүл Ғалымқызы – Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 балалар бақшасы КМҚК;

2. Ораз Аслы Нұрқасымқызының отбасы – СҚО, Ақжар ауданы, Талшық селосы, «Айгөлек» бөбекжайы МКҚК;

3. Базарбай Алима Көркемқызының отбасы – Нұр-Сұлтан қаласы, №86 «Зияткер» балабақшасы МКҚК;

4. Жолдас Софияның отбасы, Кайсар Дамирдің отбасы, Баякеев Сулейманның отбасы – Алматы қаласы, «Түзеу үлгісіндегі көру мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №13 бөбекжай-балабақшасы» КММ;

5. Жуанышбек Саянның отбасы, педагог Шералиева Гаухар Абубакировна – Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №28 бөбекжай-бақшасы МКҚК;

6. Нүптеке Дидахмет Нұрманұлының отбасы – Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, «№20 көптілді даму орталығы» КМҚК;

7. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығы.

 

8. Расимов Султанның отбасы — Алматы қаласы, КМҚК «№187 бөбекжай-балабақшасы

«Өссе тілім, мен де бірге өсемін» номинациясы бойынша:

1. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 58 «Балауса» балабақшасы МКҚК;

2. СҚО, Айыртау ауданы, «Родничок» бөбекжай-бақшасы;

3. Тәттібай Жауқазын — Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №18 «Бөбек» бөбекжай-бақшасы;

4. Камаридден Асылмұрат – Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, «Алпамыс» бөбекжайы» КМҚК.

Алғыс хаттар:

1. Шымкент қаласы № 106 «Ердәулет» бөбекжай-бақшасы;

2. Түркістан облысы, Кентау қаласы, «Әлия» бөбекжай-бақшасы МКҚК;

3. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқы ауылы, №9 «Бәйтерек» жекеменшік бөбекжайы,

4. Жамбыл облысы Тараз қаласы №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы МКҚК.

5. Оразбек Айдана – Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, «Алпамыс» бөбекжайы» КМҚК,

Челлендждің республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының номинациялар бойынша дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталады.

Челлендж қорытындысы мен бейнематериалдар www.irrd.kz Орталық сайтында және Орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланатын болады.

Яндекс.Метрика