+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

07.12.2021«Үздік жаңашыл тәрбиеші» республикалық байқауының қорытындысы

2021 жылғы 25 қарашада мектепке дейінгі білім беру саласында АКТ құралдарын қолдану дағдысын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жаңашыл тәрбиеші» республикалық байқауына жұмыстарды қабылдау аяқталды. Байқау аясында 1300-ден астам ҰОҚ әзірлемесі келіп түсті.

«Үздік жаңашыл тәрбиеші» байқауының жеңімпаздарын мектепке дейінгі білім беру саласындағы білікті әдіскерлерден құралған комиссия мүшелері анықтады.

  • Хаменова Мәрия Олжабайқызы, ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің аға сарапшысы. ҚР БҒМ Алғыс хатының, Құрмет грамотасының иегері.
  • Ахметова Дина Ғазизқызы, BilimKids мектепке дейінгі білім контентін әзірлеу департаментінің бас әдіскері. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.       «Өрлеу» БАҰО сертификатына ие. Кәсіби педагогикалық байқаулардың жеңімпазы. Оның есімі «Үркер жұлдыздары» республикалық құрмет кітабына енгізілген. Мектепке дейінгі оқыту әдістемелерінің («Менің өлкем», «Ата-ана дәптері» , «Орыс тілі», «Живой сборник», «Көңілашар тақпақтар») авторы.
  • Мамилина Әлия Мұратқазықызы – педагог, әдіскер, шет тілі пәнінің мұғалімі.
  • Жұмабекова Алуа Қанағатқызы – педагог, әдіскер, педагог-психолог.

Әділқазылар алқасы байқауқа жолданған жұмыстарды мына критерийлер бойынша бағалады:

Жұмыстың мазмұны: ҰОҚ материалдарының мазмұны мен сапасының, әдіс-тәсілдердің, АКТ мен көрнекіліктердің (суреттер, бейнематериалдар) мектеп жасына дейінгі балалардың жастық және психологиялық ерекшеліктеріне, таңдалған тақырыпқа, өтетін маусымға және мектепке дейінгі білім беру стандарттарына сай болуы.

Өзектілігі мен креативтілігі: тапсырмалар құрастырудағы креативтілік, олардың балаларды қызықтыра алуы және ҰОҚ мақсатына қол жеткізудегі өзектілігі бағаланды.

Жұмыстың безендірілуі: мәтіндер грамматика және стилистика нормаларына, бейнематериалдар жоғары сапалы әрі эстетикалық нормаға сай болуға тиіс.

Сонымен, байқау жеңімпаздарын жариялаймыз:

1-орын: 300 000 теңге және Жеңімпаз дипломы

Олжабекова Айсауле Нұрболатқызы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №12 "Ажар" бөбекжайы

2-орын: 200 000 теңге және Жеңімпаз дипломы

Саитгалиева Назым Ибрагимовна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Балбөбек бөбекжайы

3-орын: 100 000 теңге және Жеңімпаз дипломы

Пастушок Валентина Юрьевна, Қостанай облысы, Рудный қаласы, "№ 7 Ясли-сад"

Сонымен қатар байқауға белсене қатысып, мазмұны мен сапасы жоғары бағаланған ҰОҚ әзірлемелерін ұсынған авторлар Дипломмен марапатталады:

  1. Тасмагамбетова Гульмира Сагындуковна
  2. Даулетиярова Құралай Майлибаевна
  3. Тегисова Даража Кадировна
  4. Соснова Светлана
  5. Шаймұрат Шынаргүл
  6. Бритько Наталия Владимировна
  7. Данн Евника
  8. Понаморенко Лариса Петровна
  9. Тусипжанова - Шагирова Акмарал Темирбековна
  10. Жумашева Арайлым Кайраткызы
  11. Кокенова Анель Абеугалиевна
  12. Каскырбаева Назгуль Кундызбаевна
  13. Божко Вера Ивановна
  14. Акатова Айгуль Алтынбековна
  15. Нурмагамбетова Жаркынай Кайназаровна

Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылғы 10 желтоқсанға дейін онлайн өтеді. Байқау шарттарына сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға 2021 жылғы 30 желтоқсанға дейін электрондық сертификаттар жіберіледі. onlinebalabaqsha.kz платформасына тіркелген қатысушылардың электрондық сертификаттары автоматты түрде жеке кабинетке жүктеледі, ал қалған қатысушылардың сертификаттары тіркелген кезде көрсеткен электрондық поштасына жіберіледі.

Байқау жеңімпаздарын жеңісімен құттықтаймыз!

Қатысушылардың бәріне алғыс айта отырып, алда биік белестерді бағындыруын тілейміз!

Яндекс.Метрика