+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

27.05.2020«Мектепке дейінгі ұйымдарда 2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша Әдістемелік нұсқау хат жобасын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2020 жылдың 29 мамырында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы жоспары негізінде «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша Әдістемелік нұсқау хат жобасын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Осы мәселені талқылауға ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, Нұр-Сұлтан қаласы білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары қатысады.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында мектепке дейінгі ұйымдарда 2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру жөнінде Әдістемелік нұсқау хаттағы өзгерістер, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылады.

Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының пікір алмасуы мүмкіндігіне ие болады.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.