+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

22.10.2019«Жаңартылған мазмұн аясында бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi» on-line семинарының баспасөз хабарламасы

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23 қазанында «Жаңартылған мазмұн аясында бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi» on-Iine режимiнде семинар өткiзiледi.

Семинар жұмысына облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.қ. бiлiм басқармаларының басшылары, мамандары, әдiскерлерi, балабақша меңгерушiлерi мен әдiскерлерi, ҮЕҰ қатысады.

Онлайн-семинарының басты спикерлерi Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм академиясының өкiлдерi сөйлейдi.

Жаңартылған мазмұн аясында тәрбие және бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi түсiндiрiледi.

Семинар бағдарламасында on-line режимiнде «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мазмұны бөлiмiнiң жетекшiсi Ерманова Мария Нятовнаның баяндамасы тыңдалып, жаңартылған мазмұн шеңберiнде мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту үдерiсiн ұйымдастыру ерекшелiктерi талқыланады.

Қорытындысында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға жетекшiлiк ететiн мамандар мен мектепке дейiнгi ұйымдардың педагогтерi пiкiр алмасады.

Онлайн-cеминарының қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынымдар қабылдайды.

Яндекс.Метрика