+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

02.08.20212021 жылғы Республикалық тамыз конференциясы аясында өтетін «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» тақырыбындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының панельдік сессиясы жөнінде баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы2021 жылғы 5 тамызда Респбуликалық тамыз кеңесі аясында өтетін «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» тақырыбындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының панельдік сессиясы өткізіледі.

Секция жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының мамандары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың білім басқармаларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшылары, жауапты мамандары, облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімдерінің мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен педагогтері, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, біліктілікті арттыру институтының мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар қауымдастығы қатысады.

Панельдік сессияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту бағыттары, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру, 2021-2022 оқу жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі мәселелер талқыланады.

Қатысушылар панельдік сессия тақырыбына сәйкес пікір алмасады.

Панельдік сессия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.

Өткізілетін күні: 2021 жылғы 5 тамыз

Өткізілетін орны:

https://us02web.zoom.us/j/2966490490?pwd=OW1Ma3dIcHlZY2dLaWJNQVFVZUZ5Zz09

Байланыс телефоны: 8 (7172) 28 09 50

Яндекс.Метрика