+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

10.08.20202020 жылғы Республикалық тамыз конференциясы аясында «Қазақстан Республикасында бiлiм берудi және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының мақсаты мен мiндеттерiн iске асыруда мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың қолжетiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң педагог қызметкерлерiне арналған онлайн тәртiбiнде секция отырысын өткiзу жөнiнде баспасөз хабарламасы

2020 жылғы 12 тамызда Республикалық тамыз конференциясы аясында «Қазақстан Республикасында бiлiм берудi және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының мақсаты мен мiндеттерiн iске асыруда мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың қолжетiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң педагог қызметкерлерiне арналған онлайн тәртiбiнде секция отырысы өткiзiледi.

Секция жұмысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың бiлiм басқармаларының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бөлiмiнiң басшылары, жауапты мамандары, облыстық әдiстемелiк орталықтар мен кабинеттердiң мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бөлiмдерiнiң мамандары, мектепке дейiнгi ұйымдардың басшылары, әдiскерлерi мен педагогтерi, жоғары оқу орындары мен колледждердiң оқытушылары, бiлiктiлiктi арттыру институтының мамандары, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Бiлiм беру қоры» Қоғамдық Қоры филиалының, Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ), үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысады.

Секция отырысында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiн дамыту бағыттары, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, жаңа оқу жылында тәрбиелеу-бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi, мектепке дейiнгi бiлiм беру саласында мамандар даярлау және басқа мәселелер талқыланады.

Қатысушылар секция отырысының тақырыбына сәйкес пiкiр алмасады.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданады.

Өткiзiлетiн күнi: 2020 жылғы 12 тамыз

Өткiзiлетiн түрi: бейне-конференц-байланыс

Байланыс телефон: 8 (7172) 28 09 50

Яндекс.Метрика