+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

13.11.2019«Жаңартылған мазмұн аясында бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi» он-лайн тәртiбiндегi семинардың ұсынымдары

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23 қазанында «Жаңартылған мазмұн аясында бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi» on-Iine режимiнде семинар өткiзiлдi.

Семинар жұмысына облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.қ. бiлiм басқармаларының басшылары, мектепке дейiнгi бiлiм саласына жауапты мамандары мен әдiскерлерi, ҮЕҰ өкiлдерi, мектепке дейiнгi ұйымдардың меңгерушiлерi мен әдiскерлерi қатысты.

Онлайн-семинарының басты спикерлерi Бiлiм және ғылым министрлiгi «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы мамандары болды.

Семинар жұмысында жаңартылған мазмұн аясында мектепке дейiнгi бiлiм беру саласында бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың өзектi мәселелерi талқыланды.

Он-лайн тәртiбiндегi республикалық семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынымдар қабылдады.

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығына:

  • мектепке дейiнгi ұйымдардың тәрбиелеу-бiлiм беру процесiн қажеттi ұсынымдармен, әдiстемелiк құралдармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету;
  • мектепке дейiнгi ұйымдардың педагогтарына үнемi әдiстемелiк көмек көрсету;
  • жаңартылған мазмұн аясында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнде бiлiм беру процесiн ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша республикалық және аймақтық шараларды үнемi өткiзу;
  • мектепке дейiнгi ұйымдардың педагогтерiнiң озық тәжiрибелерiн жалпылау және тарату.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.қ. бiлiм басқармаларына:

  • нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзiлген өзгерiстердi және мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын түсiндiру бойынша ақпараттық-ағарту жұмысын жүргiзу;
  • жергiлiктi жерлерде мектепке дейiнгi ұйымдарда бiлiм беру процесiнiң сапасын арттыру бойынша iс-шаралар өткiзу;
  • мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнде жаңартылған мазмұн аясында бiлiм беру процесiн жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн үнемi арттыру.
Яндекс.Метрика