+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

30.10.2017«Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштері» on-line тәртібіндегі семинарға қатысушылардың ҰСЫНЫМДАРЫ

2017 жылдың 25 қазанында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Операциялық жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштері» on-Iine тәртібінде республикалық семинар өткізді.
On-Iine семинар жұмысына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының өкілдері, облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармаларының мектепке дейінгі білім беру саласына жауапты мамандары, ЖОО мен колледждердің өкілдері қатысты Онлайн-семинар жұмысына қатысу үшін желіге 474 қатысушы тіркелді.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынымдар қабылдады.

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментіне:

— жеке меншік кәсіпкерлерді тартумен мектепке дейінгі ұйымдардың дамуын тұрақты қадағалауды жүзеге асыру;
— жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп балаларды мектепке дейінгі дайындықпен толық қамтамасыз ету.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы:

— білім берудің жаңартылған мазмұнын есепке алып «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын зерделеу.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларына:

— мектепке дейінгі ұйымдар желісінің құрылысын, пайдалануға енгізуін және дамуын тұрақты бақылауды қамтамасыз ету;
— балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуда жеке меншік кәсіпкерлердің қызметіне көмектесу.

Яндекс.Метрика