+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

25.10.2021«Үздік жаңашыл тәрбиеші» республикалық байқауы

«Үздік жаңашыл тәрбиеші» республикалық байқауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы BilimKids.kz мектепке дейінгі білім беру платформасымен бірлесе ұйымдастырылған «Үздік жаңашыл тәрбиеші» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқауға Ережеге сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері 25.10.2021 – 25.11.2021 ж. аралығында қатыса алады.

Байқау www.BilimKids.kz платформасында онлайн өткізіледі. Байқауға қатысу тегін!

BilimKids.kz мектепке дейінгі білім беру платформасы және ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ бірлесе ұйымдастырған «Үздік жаңашыл тәрбиеші» республикалық байқауының ережесі

1. Байқау 25.10.2021 – 25.11.2021 аралығында өтедi. Байқауға қатысу тегiн.

2. Байқауға қатысушылар:

2.1. Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi бiлiм беру саласының педагогтерi (арнайы мамандықтар);

2.2. балабақшада, шағын орталықтарда еңбек ететiн тәрбиешiлер;

2.3. мектепалды даярлық сыныптарының мұғалiмдерi;

2.4. мектепке дейiнгi бiлiм беру саласында, оның iшiнде мектепалды даярлық сыныптары мен шағын орталықтарда жұмыс iстейтiн, еңбек өтiлi 1 жылдан асатын әдiскерлер, тәрбиешiлер, пән мұғалiмдерi мен жас мамандар.

Бұл ретте «Үздiк жаңашыл тәрбиешi» байқауына қатысу үшiн қатысушының www.bilimkids.kz платформасына жазылуы мiндеттi емес.

3. Байқаудың мақсаты:

3.1. АКТ құралдарын қолдану дағдысын дамыту және www.BilimKids.kz платформасы арқылы мектепке дейiнгi бiлiм беру сапасын арттыру;

3.2. http://irrd.kz/ сайтындағы оқу-әдiстемелiк құралдарға сүйенiп, мектепке дейiнгi тәрбие беру және оқыту жүйесiне қолдау көрсету, мектепке дейiнгi бiлiм беру саласындағы педагогтердiң мектеп жасына дейiнгi балалармен ұйымдастырылған оқу қызметi (ҰОҚ) бойынша тәжiрибе алмасуы және оны тарату.

4. Жүлде қоры:

1-орын: 300 000 теңге және Жеңiмпаз дипломы

2-орын: 200 000 теңге және Жеңiмпаз дипломы

3-орын: 100 000 теңге және Жеңiмпаз дипломы

5. Барлық қатысушы байқауға қатысқанын растайтын Сертификаттармен және жеңiмпаздар Дипломмен марапатталады.

6. Байқау шарттары:

6.1. Мектепке дейiнгi мекеменiң (шағын орталықтың, мектепалды даярлық сыныбының) кез келген жастағы тобына пән бойынша ҰОҚ әзiрлемесiн жасау.

6.2. ҰОҚ әзiрлеуге қатысты ұсынымдар:

6.2.1. http://irrd.kz/ сайтындағы оқу-әдiстемелiк құралдарды қолдану;

6.2.2. bilimkids.kz материалдарын қолданып, видео түсiру;

6.2.3. видеоны әлеуметтiк желiлердегi парақшасында жариялау;

6.2.4. видеоның сiлтемесiн ҰОҚ әзiрлемесiне қоса тiркеу.

Бұл ретте мiндеттi түрде видео түсiру талап етiлмейдi.

6.3. Егер қатысушы bilimkids.kz платформасына жазылмаған болса, платформаға кiрiп, ТIРКЕЛУ батырмасын басып, электрондық пошта арқылы тiркелуi қажет.

6.4. Қатысушы bilimkids.kz платформасына жазылған жағдайда платформаға өз аккаунтының логинi мен құпиясөзiн қолданып кiре алады.

6.5. ТӘРБИЕШIГЕ бөлiмiндегi ҰОҚ ЖОСПАРЛАРЫ бетiне өту.

6.6. ЖОСПАР ҚОСУ батырмасын басу.

6.7. ҰОҚ әзiрлемесiн цифрлық форматқа көшiру.

6.8. Жариялау шарттарын қабылдау.

6.9. САҚТАУ батырмасын басу.

7. Байқауды өткiзу қағидалары:

7.1. Бiр қатысушы байқауға жолдай алатын жұмыс санына шектеу қойылмайды.

7.2. Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған барлық жұмыс қатыстырылады.

7.3. Байқауға авторлық жұмыстар ғана қабылданады, плагиат үшiн материалды жариялаған қатысушы жауапты болады. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңға қайшы келетiн жұмыстар байқаудан алынып тасталады.

7.4. Жұмысын байқау басталмай тұрып жүктеген және бұған дейiнгi «Үздiк жаңашыл тәрбиешi» байқауының екi кезеңiне қатысқан қатысушы жаңа жұмыс жүктеген жағдайда ғана осы Байқауға қатыса алады. Бұған дейiн жолдаған жұмыстары байқауға қатыстырылмайды.

8. Байқау жұмыстарының мазмұнын мектепке дейiнгi бiлiм беру саласындағы бiлiктi әдiскер мамандардан құралған комиссия мүшелерi бағалайды.

9. Жұмысты бағалау критерийлерi:

9.1. Жұмыстың мазмұны: ҰОҚ қолданылатын материалдардың мазмұны мен сапасының, ондағы әдiс-тәсiлдердiң, АКТ мен көрнекiлiктердiң (суреттер, бейнематериалдар) мектеп жасына дейiнгi балалардың жастық және психологиялық ерекшелiктерiне, таңдалған тақырыпқа, өткiзiлу мерзiмiне, мектепке дейiнгi бiлiм беру стандарттарына сай болуы.

9.2. өзектiлiгi мен шығармашылық дарын деңгейi: әртүрлi тапсырмалар құрастыру және балалардың қызығушылығын арттыра түсу, ҰОҚ мақсатына қол жеткiзуде креативтi тәсiл қолдану.

9.3. жұмыстың безендiрiлуi: мәтiндер грамматика мен стилистика нормаларына сай болуы керек, бейнематериалдар сапасы жоғары әрi эстетикалық талғамға сай болғаны абзал.

10. Байқау www.BilimKids.kz платформасында онлайн өтедi.

11. Байқау қорытындысы 30.11.2021 ж. жарияланады.

https://bilimkids.kz/uploads/file-manager/files/61766d690c450.mp4

Яндекс.Метрика