+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

28.09.2021«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының КеАҚ форсайттық сессиясына қатысты

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының КеАҚ форсайттық сессиясына қатысты27-қыркүйекте «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы он-лайн форматта өткен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының КеАҚ «Балалық шақ» форсайттық сессиясына қатысты.

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы өз ұсыныстарымен «Бiлiм және ғылым жүйесiн дамытудың ғылыми негiздерi» тақырыбындағы 2021-2023 жылдарға арналған зерттеу қатысушысы тұрғысынан бөлiстi. Мектепке дейiнгi тәрбие мен бiлiм берудiң қазiргi замандағы басым трендтерi мен олардың өрiс алуын болжау бiздiң ұлттық құндылықтарымыздан қаншалықты ажырап бар жатқанымызды тағы бiр байқатты. Форсайттық сессия барысындағы терең талдау болашағымыздың бағдарын айқындап, ұрпағымыздың толыққанды дамуы мен олардың келешегiне жол ашатын мiндеттердi нақтылауды көздейдi.

Форсайттық сессия үш күнге жалғасады.

Яндекс.Метрика