05.08.2021Бiлiм беру қызметкерлерiнiң 2021 жылғы Республикалық тамыз кеңесi аясында «Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiн дамытудың жаңа бағдары» тақырыбында мектепке дейiнгi ұйым педагогтерiнiң панельдiк сессиясы өттi
2021 жылғы 05 тамызда Республикалық тамыз кеңесi аясында «Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiн дамытудың жаңа бағдары» тақырыбында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң педагог қызметкерлерiне арналған онлайн тәртiбiндегi панельдiк сессия отырысы өткiзiлдi.
Панельдiк сессия жұмысына ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң өкiлдерi, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының мамандары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың бiлiм басқармаларының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бөлiмiнiң басшылары, жауапты мамандары, облыстық әдiстемелiк орталықтар мен кабинеттердiң мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бөлiмдерiнiң мамандары, мектепке дейiнгi ұйымдардың басшылары, әдiскерлерi мен педагогтерi, жоғары оқу орындары мен колледждердiң оқытушылары, бiлiктiлiктi арттыру институтының мамандары, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, ата-аналар қауымдастығы қатысты. Барлығы 2 000 мыңнан астам педагогтер қатысты.
Панельдiк сессияда республикадағы мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнiң ағымдағы жай-күйi тыңдалды, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiн дамыту мәселелерi, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделi (15.03.2021 ж. ҚРҮҚ) тұрғысынан мектепке дейiнгi ұйымдардағы тәрбие мен бiлiм беру процесiнiң 2021-2022 оқу жылына арналған ерекшелiктерi, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, әдiстемелiк сүйемелдеу және педагогтердiң кәсiби деңгейiн арттыру мәселелерi талқыланды.
Қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты.
Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру жүйесіне қажет өзгерістер Гаухар Қиықова (ZIP 1573 Kb)
ІЗДЕМПАЗДЫҚ — ӨРЛЕУГЕ АПАРАТЫН ЖОЛ (ZIP 5506 Kb)
Проект «Пространство детской реализации»