+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

28.06.2021«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бiлiм берудi жаңғырту орталығымен бiрге «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңiн ұйымдастыру ерекшелiктерi» тақырыбында онлайн семинар өткiздi

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бiлiм берудi жаңғырту орталығымен бiрге «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңiн ұйымдастыру ерекшелiктерi» тақырыбында онлайн семинар өткiздi

15 маусым күнi «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бiлiм берудi жаңғырту орталығымен бiрлесiп мектепке дейiнгi ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңiн ұйымдастыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мектепке дейiнгi ұйымдары басшылары, әдiскерлерi мен педагогтерiмен онлайн семинар өткiздi.

Семинар барысында Орталық мамандары Мектеп жасына дейiнгi балаларды жазғы сауықтыру жұмыстарының негiзгi бағыттарын жан-жақты түсiндiрiп, балаларды дамыту мен тәрбиелеудi ойын арқылы ұйымдастырудың тиiмдi әдiстерiн ұсынды.

Ойын арқылы дамыту мектеп жасына дейiнгi балалардың танымдық және шығармашылық қабiлеттерiн, бiлуге деген құштарлықтарын арттыруға, таза ауадағы ұлттық ойындар арқылы рухани жан-дүниесiн байытуға, әлеуметтендiруге, оларды жан-жақты үйлесiмдi дамытуға ықпал етедi.

Мектепке дейiнгi ұйымдарда жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдiстемелiк ұсынымдар Орталық www.irrd.kz сайтының әдiстемелiк әзiрлемелер бөлiмiнде орналастырылған.

Орталық мамандары мектеп жасына дейiнгi балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзектi мәселелерге жеке-жеке тоқталып, жазғы сауықтыру жұмысын ұйымдастыруға қатысты қойылған барлық сұрақтарға жауап бердi.

Яндекс.Метрика