+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

03.08.2021Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасы

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша 2 панельдік сессия өткізіледі.

1. 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру мәселелеріне арналған «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» тақырыбындағы бірінші панельдік сессия 5 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10-да басталады.

Панельдік сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жетекшілік ететін облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының мамандары, облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындары, колледж оқытушылары, біліктілікті арттыру институтының мамандары, үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар қауымдастығы қатысады.

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасыПанельдік сессияны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Ш. Каринова алғы сөзбен ашады.

Биыл еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген қолданыстағы стандарт бойынша жұмысын жалғастырады. Осыған сәйкес Үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламасы да қолданыста болады. Жаңа Стандарт пен оқу бағдарламасын әзірлеу әлі де жалғасуда, осы нормативтік актілерді бекіту 2022 жылға жоспарланған.

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің бас сарапшысы М.Андыбаева мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ағымдағы жағдайы туралы баяндайды.

 

 

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасы«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры М.Адамова Еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарында 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат презентациясымен баяндама жасайды.

Панельдік сессияға қатысушылар Әдістемелік нұсқау хаттың құрылымы және мазмұнымен, 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысатын болады.

Баяндама барысында ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттары атап өтілетін болады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы білім беру процесіне қатысушылар үшін 2021-2022 оқу жылына арналған негізгі міндеттер белгіленді, олар келесі бағыттарды қамтиды:

  • әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құру;
  • қызықты ойын түрінде балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту (шаршауды болдырмау үшін);
  • баланы білім беру процестеріне толыққанды қатысушы (субъектісі) деп тану;
  • ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру;
  • мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру (денсаулығын сақтау; қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы).

Мектепке дейінгі білім алу, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарынан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптары өз қызметінде басшылыққа алуы тиіс қолданыстағы нормативтік актілерге сілтемелер беріледі. 2021-2022 оқу жылына арналған ӘНХ соңында өтпелі тақырыптардың үлгілері, перспективалық жоспардың үлгілері, циклограмма, жас ерекшеліктері бойынша күн тәртібі бар қосымшалар ұсынылған.

Сонымен қатар, тәрбиелеу-білім беру қызметін ұйымдастыруда педагогтердің назарын келесі қағидаларға аударамыз:

  1. ойын арқылы оқыту;
  2. интеграцияда дамыту.

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасыБірінші панельдік сессияда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Д.Жекебаев Экономикалық зерттеулер институты мен Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) бірлескен «Қазақстандағы балалардың әл-ауқатының индексі (ҚБӘИ)» жобасын таныстыратын болады.

 

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасы Панельдік сессияны мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі қажетті өзгерістер туралы, келесі спикер, балаларды ерте дамыту саласындағы магистр, мектепке дейінгі білім беру саласындағы тәуелсіз сарапшы, «ОYNA» мектепке дейінгі білім беру институтының төрағасы Г. Қиықова жалғастырады.

 

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының «Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» кафедра меңгерушісі, РhD-доктор, Г. Ибрагимова өз баяндамасында «Балалардың іске асыру кеңістігі» инновациялық жобасын жүзеге асыру туралы жұмыс тәжірибесін айтып береді.

«Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының президенті, Inclusive practices халықаралық қорының сарапшысы С. Мырзалинова-Яковлева «Инклюзивті спорттың балаларды әлеуметтендіру және физиологиялық дамыту құралы ретіндегі рөлі» тақырыбын ашып көрсетеді.

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары, «Ел үміті» өзгерістерді басқару жобасындағы мектепке дейінгі білім беру бойынша команда мүшесі С.Чукурованың баяндамасында «Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік балабақшаларында ойынды қолдау» тақырыбында үздік тәжірибе алмасу жалғасады.

 

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы жұмыс тәжірибесінен «BilimInvest» білім беру саласындағы ұлттық инвесторлар қауымдастығының вице-президенті К. Батырбекова айтып береді.

 

Ұсынылатын оқу ресурстары, дидактикалық материалдар туралы өз сөздерінде Б.Тажинова, А. Масғұтова ақпарат береді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатына сәйкес келетін келесі күтілетін нәтижелерге ұмтылу ұсынылды:

  1. мектепке дейінгі ұйым деңгейінде:
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы бақытты, дені сау, дербес, білімқұмар, көпшіл, сын тұрғысынан ойлайтын балалардың тұтас дамуы үшін жағдай жасау;
  • вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеу, оқытудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалану;
  • баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған инклюзивті даму ортасын, түрленетін ойын және тақырыптық аймақтарды құру;
  • ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру;
  • отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейту;
  • теңгерімді тамақтанудың кешенді бағдарламасын әзірлеу;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасының өлшемдерін әзірлеу;
  • ерте жастағы балалар үшін жағдай жасау;
  1. балаларды қамтамасыз ету:

  • физикалық әл-ауқат;

  • әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілік;

  • коммуникацияның танымдық дағдыларын дамыту;

  • таным мен зерттеудің жоғары ішкі мотивациясы;

  • бастамашылықты, дербестікті және жауапкершілікті дамыту;

  • өзіне және басқаларға қамқорлық жасауға үйрету;

  • тәуелсіз саналы таңдау жасай білуге баулу;

  • командада жұмыс істеуге;

  • сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

  • шығармашылықты дамыту;

  • психологиялық-педагогикалық қолдау;

3) ата-аналарға мүмкіндік беру:

  • білім беру процесінің қатысушылары болуға;

  • баланың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;

  • баланың жеке мүмкіндіктерін дамыту;

  • көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін арттыру;

  • үйде баланың тұтас дамуы үшін жағдай жасауда консультациялық көмек алу.

2. Екінші панельдік сессия «Мектепке дейінгі білім беру: өзгерістер жолында» тақырыбындағы мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған Халықаралық мектеп жұмысына арналады. Мектепке дейінгі білім беру педагогтері үшін практикум өткізу 17 тамызға, Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 11-де жоспарлануда.

Екінші панельдік сессия жұмысына Қазақстанның мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен педагогтері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысады.

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы М.Мелдебекова алғы сөз сөйлейді.

Халықаралық мектеп жұмысы аясында нетворкинг ұйымдастыру, тәжірибе алмасу мақсатында Балалар Университетінің (Ресей) жобаларын, «КнигаБум», ақыл-ой мен дамуға арналған – балалар оқуы (Ресей), «4Д Ойын Жобасы» — балалар, достық, қозғалыс, аула» (Ресей) жобаларын таныстыру жоспарлануда.

Педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасы«ПРОдетей» және «ОткрытиЯ» мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының авторы, МДҰ ФМБС авторлар құрамының мүшесі, мектепке дейінгі білім беру сапасын тәуелсіз бағалау құралының (МДҰ СТБ) қосалқы авторы, Мәскеу Әлеуметтік және экономикалық ғылымдар Жоғары мектебінің мектепке дейінгі білім беруді басқару кафедрасы меңгерушісі, «Балалық шақ университеті» сарапшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Е.Г. Юдина Мектепке дейінгі білім берудің келешегі туралы баяндама жасайды.

ҚПедагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткізілетін панельдік сессиясының аңдатпасыостанай облысы педагогтерінің жұмыс тәжірибесін «Ақ ерке» білім беру орталығының басшысы Е.В. Венгерская таныстырады.

Халықаралық мектеп жұмысының екінші бөлімінде «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларының сабақтары бойынша ойын арқылы оқытудың инновациялық педагогикалық тәсілдерін Ресей Федерациясының Свердлов облысының педагог практиктері, Л.С. Выготский атындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары мен стипендиаттары өз жұмыс тәжірибесінен ұсынады.

Қорытынды бөлімде шетелдік әріптестердің жиі ауыратын немесе ұзақ емделуде жүрген мектеп жасына дейінгі балалармен онлайн білім беру қызметін ұйымдастыру, балаларды топ өміріне қосу бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылатын болады. Сондай-ақ, «Болашақ бүгіннен басталады: «ПРОдетей» (Россия) мектепке дейінгі білім берудің инновациялық бағдарламасы таныстырылады.

Панельдік сессия соңында кері байланыс орнату, сындарлы ұсыныстарды талқылау және мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтерінің практикасын одан әрі жетілдіру үшін шешім әзірлеу қарастырылады.

Яндекс.Метрика