+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

24.10.2019«Жаңартылған мазмұн аясында бiлiм беру процесiн ұйымдастыру ерекшелiктерi» on-line тәртiбiндегi семинар өткiзiлгенi туралы ақпарат

«Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23 қазанында «Жаңартылған мазмұн аясында бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi» on-Iine режимiнде семинар өткiзiлдi.

Семинар жұмысына Орталықтың қызметкерлерi, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ.қ. бiлiм басқармаларының мамандары, әдiскерлерi, балабақша меңгерушiлерi мен әдiскерлерi қатысты. Семинар жұмысына республиканың 420 байланыс көзiнен 3500-дей адам қатысты.

Семинар барысында «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мазмұны бөлiмiнiң жетекшiсi Ерманова Мария Наятовна 2019-2020 оқу жылында мектепке дейiнгi ұйымдарда бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерiне тоқталды. Сондай-ақ ол елiмiзде мектеп жасындағы балаларды одан әрi дамыту үшiн бастапқы мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң бастапқы сатысы ретiнде мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға ерекше көңiл бөлiнетiнiн атап өттi. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасында қойылған мiндеттерге сүйене отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға жалпы қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту жолымен мектепке дейiнгi бiлiм беру сапасын жақсарту, мектепке дейiнгi жастағы балалардың бiлiктерi мен дағдыларын дамытуды бағалау индикаторларының жүйесiн енгiзу, мектепке дейiнгi ұйымдар педагогтерiнiң құзыреттiлiгiн арттыру, мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiндегi жағдайға талдау жүргiзiлдi. 2018-2019 оқу жылында мектеп жасына дейiнгi балалардың бiлiктерi мен дағдыларын дамытудың мониторинг нәтижелерiне тоқталып, 5-6 жастағы балаларға талдау жасады.

Сондай-ақ семинар барысында Ақмола болысы, Атбасар қаласының №4 «Еркежан» балабақшасының әдiскерi Серiкпаева Әсемгүл Достановна және Жамбыл облысы, Тараз қаласының №5 «Ақ желкен» балабақшасының әдiскерi Есмурзаева Жазира Әлiмханова мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнде жаңартылған мазмұн аясында бiлiм беру процесiн ұйымдастыру бойынша тәжiрибесiмен бөлiстi.

Семинар барысында қатысушылардың сұрақтары талқыланып, ұсыныстары тыңдалды.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Яндекс.Метрика