+A A -A
ҚазақшаРусскийEnglish

30.06.2022«Алақай, жайдарлы жаз келді!» челленджінің қорытындысы туралы ақпарат

ҚР БҒМ Балаларды ерте дамыту институтының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айында меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Алақай, жайдарлы жаз келді!» челленджі ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын және іс-әрекетпен қамтылуын ұйымдастыру барысында үлгілік оқу бағдарламаларын тәжірибеде іске асыру үшін мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс тәжірибесін анықтау және оңтайлы жағдайлар жасау.

Челленджге мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен тәрбиеленушілері, ата-аналар қатысты және челлендж бір кезеңде өтті.

Челленджге қатысушылар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын жазғы-сауықтыру кезеңіндегі іс-шаралардың бейнеролигін жазды.

Бейнероликке қойылған талаптар:

  • жазғы кезеңде балаларды сауықтыру және шынықтыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
  • жазғы мерекелер мен ойын-сауықтарды, серуендерді, балалар шығармашылығы көрмелерін және отбасылық байқауларды ұйымдастыру;
  • іс-шараларды өткізудің креативті нысандарын таңдау.

Барлық бейнероликтер Instagram желісінде #Алақайжайдарлыжазкелді челлендж хэштегін көрсетумен орналастырылды.

Бейнеролик келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • балаларды сауықтыру және шынықтыру үшін жағдай жасау;
  • қозғалыс қызметін ұтымды ұйымдастыру;
  • тиімді шынығу жүйесі;
  • емдеу-сауықтыру жұмысы;
  • гигиеналық шаралар кешені;
  • бейнероликтің Челлендж тақырыбына сәйкестігі;
  • шығармашылық жаңашылдығы;
  • өзіндік ерекшелігі;
  • дыбыстық сүйемелдеудің, бейне эффектілердің болуы.

Барлығы 658 жұмыс тіркелді, олардың 266-сы комиссия мүшелерімен қаралды. Қалған 392 жұмыс Ереже талаптарына сәйкес келмегендіктен қарастырылмады, бұл:

  • қатысушылар @doshkola_kz аккаунтына жазылмаған;
  • бейнероликтердің ұзақтығы Ережеде белгіленген уақыттан асып кеткен;
  • бейнеролитің орнына фотосуреттердің жүктелуі;
  • бейнероликтер желіде белгіленген мерзімнен бұрын орналастырылған;
  • бейнероликтердің сюжеті талаптарға сәйкес келмеуі (бала және баланың үй жағдайы туралы) және т.б.

Ереженің талаптарына сәйкес келмегендіктен, 1-орын берілмеді.

Челлендж қорытындысы бойынша комиссия мүшелерімен келесі жеңімпаздар анықталды.

І-орын – жоқ

ІІ-орын:

Бейнероликке ең көп комментарийлер жинаған аккаунттар:

  • sadik.baldauren (846);

(https://www.instagram.com/tv/Cef1tySg2iO/?utm_source=ig_web_copy_link)

  • gulder__2017 (277);

(https://www.instagram.com/tv/CeTatsRl_Kk/?utm_source=ig_web_copy_link)

  • balausa.toby (270).

(https://www.instagram.com/tv/CeQciqRuc-s/?utm_source=ig_web_copy_link)

ІІІ-орын:

Бейнероликке ең көп лайк жинаған аккаунттар:

  • ainura_kz22 (289)

(https://www.instagram.com/tv/Cex76e7q96x/?utm_source=ig_web_copy_link)

  • kobelek_toby (256);

(https://www.instagram.com/p/CejV7TnM4tg/?utm_source=ig_web_copy_link)

  • shkola_sad_gimnazia (202);

(https://www.instagram.com/p/CesYSdfgzAu/?utm_source=ig_web_copy_link)

«Алақай, жайдарлы жаз келді!» челленджінің жеңімпаздары Институттың дипломдарымен марапатталады.

Жеңімпаздардың челленджге ұсынылған қорытындылары мен материалдары www.irrd.kz сайтында және институттың әлеуметтік желілерінің беттерінде жарияланады.

Яндекс.Метрика